Косметолог кірпік қайырудың зиян екенін айтып, ескерту жасады
Британиялық косметолог кірпік қайырудың зиян екенін ескертті. TikTok-та жарияланған видео көпшіліктің қызу талқысына түскен деп хабарлайды lenta.ru.
Желіде жарияланған видеода Ипек Озкан кірпік жалғау процедурасына келген клиентінің кірпігін көрсетеді. Маман кірпік қайыруға арналған қысқаштардың кірпікке қалай әсер ететіндігін көпшілік назарына ұсынған. "Оның кірпіктері қиылып қалған, себебі ол қысқашты тым көп пайдаланған, бұл өте зиян!", - дейді косметолог. Мұндай қысқаштардың орнына маман арнайы арнайы кірпік қайырғышты қолдануды ұсынады. Оның айтуынша, мұндай құрал жұқа кірпіктердің қиылып кетуіне әкеліп соқпайды және кірпіктің құрылымын бұзбайды.
Косметологтың желіде жариялаған видеосы 8,6 миллион қаралым жинап үлгерген. Желі қолданушылары Озканға алғысын айтуда. "Сізге рахмет! Мен қысқаштарды көптен бері қолданып келемін, бірақ олардың өте зиян екенін білмеппін!", "Бір рет осындай қысқаштардың кесірінен барлық кірпігімнен айырылып қала жаздадым. Адамдар сіздің кеңестеріңізге құлақ асып, бұл зиянды құралды қолданбайды деп үміттенемін!", "Иә, олар шынымен кірпікті қиып жібереді", - деп жазды пікір қалдырушылар.
Еске салсақ, бұған дейін кірпік жапсырмақ болған 19 жастағы ару көз жанарынан айырылып қала жаздаған еді. Одан бөлек, мамандар жасанды кірпіктің зиянын айтып берген болатын.