Жұрт сенім артқан жоба

Бүгінде кандидщаттар нақтыланып, үш ауылды басқаруға үмітті азаматтар құжаттарын өткізіп қойғанын білдік. Сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде қорытынды шығарылады, жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеу жүзеге асырылады екен. Бұл жаңа ауыл басшыларының конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттырып, халықтың билікке деген сенімін және әкімнің халық алдында есеп беруін күшейтетіні тағы бар. Бұдан бөлек ауыл әкімінің халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына жедел ден қоюына жағдай жасап, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді.
Осылайша көптің көңілінен шыққан әкім төрт жыл жоғары лауазымға ие болады. Бұл мерзім үміт арқан ел сенімін ақтау үшін жеткілікті деп ойлаймын. Ал бұқараның әкімін өзі таңдап алуы дамуға әкелері сөзсіз.
Райымбек БӨЛЕБАЕВ
аудандық мәслихат депутаты