Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңызы бар бетбұрыс

Маңызы бар бетбұрыс

25 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде әкімдердің сайлауы басталады. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған маңызды қадамдардың бірі. Олай дейтінім реформа жергілікті басқару жүйесіне қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертеді. Яғни сайлаудың бұл түрі елді демократияландыруға бағытталған, халықтың еркін ескеріп, таңдау жасау құқығын беруді көздейтін маңызды бетбұрыс болады деген үмітпен қолға алынып отыр.

Мұнан бөлек сайлауға саяси партиялар кандидат ұсына алатынын және кез келген азамат өзін-өзі ұсынатынын халық жақсы біледі. Алайда тереңіне үңілмей «барлығы әкім бола алады екен» деп бұрыс түсініп, кейін шу шығарады. Оның өзіндік талаптары бар екенін ұмытпаған жөн. Яғни кандидат 25 жастан асқан, сотталмаған, Қазақстан Республикасының азаматы, жоғары білімді болуы керек.
Одан бөлек өзін-өзі ұсынған азамат кемі бір жыл мемлекеттік қызметте немесе екі жыл жеке кәсіпорында жетекшілік жұмыс жасауы қажет екен. Демек ешбір жерде ресми қызмет етпеген, бірақ ауылының мәселесін жақсы білетін азаматтар сайлауға түсе алмайтын көрінеді.

Қателеспесем ауыл әкімдерінің сайлауына халықтың тікелей араласуы туралы идея 90-шы жылдардан бері бар. Уәде етіліп келген. Дегенмен соған енді ғана жетіп отырмыз. Ендігі сәтін салып барлығы ойдағыдай өтеді деген үміт бар.
Есенкелді МӘЛИ
Қазалы ауданының құрметті азаматы, 
ауылшаруашылық саласының ардагері
13 шілде 2021 ж. 342 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 40

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 36

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 34

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031