Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ауыл әкімі лауазымына кімдер сайлауға түсе алады?

Қазақстанда ауыл әкімі лауазымына кімдер сайлауға түсе алады?

Биыл тамызда өкілеттілігі тоқтайтын 836 ауылдың әкімін сол елдімекеннің халқы сайлайды. Ауыл әкімінің сайлауына жасы 25-тен асқан, сотталмаған, мемлекеттік қызметте кемі бір жыл жұмыс істеген кез-келген ел азаматы түсе алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Кандидатты саяси партия ұсына алады және ауыл тұрғындарының кемі бір пайызының дауысын жинаған азамат сайлауға қатысуына болады. Егер мүлдем үміткер табылмаса немесе бір ғана кандидат болса онда аудан әкімі кандидат ұсынуға құқылы. 
Бүгін мәжіліс депутаттары Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың өту шегін 7%-дан 5%-ға дейін төмендетуді, барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне "барлығына қарсымын деген" бағанды қосу ұсынысын мақұлдап, Заң жобасын Сенаттың қарауына жіберді. 
"Барлық кандидаттар үшін ең төменгі жалақы мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу көзделген. Сайлау 40 күн бұрын жарияланады. Ал сайлаудың өзі қазіргі әкімнің өкілеттілік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтеді", - деді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев. 

06 мамыр 2021 ж. 754 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031