Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен Тәуелсіздікпін

Мен Тәуелсіздікпін

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту
Мен Тәуелсіздікпін,
Жауа алмай тұрған бұлтыңмен доспын,
Жанартаудай мың сілкінген баспын.
Баланың қолында жыртылған хатпын,
Ананың көзінен сүртілген жаспын.
Мен Тәуелсіздікпін,
Жауабын таппас сұрақтан келдім,
Соғыстан келмей, жылатқан ермін,
Ғасырлар кезген аңсармын аппақ,
Қол созса, жетпес бір аттам жермін.
Мен Тәуелсіздікпін,
Бесік жырымын, сазыңа айналған,
Қазынаң едім қазылмай қалған.
Өңіңе айналған түс болдым бүгін,
Тарихпын, кеше жазылмай қалған.
Мен Тәуелсіздікпін,
Құшағыма кеп жай құлаш тектім,
Жүрек боп соғып, қайғы да шектім.
Ақындар жазған өлеңмін қоңыр,
Батырлар берген айнымас сертпін.
Мен Тәуелсіздікпін,
Санаңды сөксе, мазақтың бірі.
Ұранмын айтар: "азаттық ұлы"!,
Ұмытып кетпе, дәуірлер көшсе,
Сен Тәуелсіздіксің қазақтың қызы,
Сен Тәуелсіздіксің,қазақтың ұлы...
Дина БӨКЕБАЙ
13 шілде 2021 ж. 703 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031