Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда коронавирустан тағы 41 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан тағы 41 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір күнде 41 Covid өлімі тіркелді. Мұны денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Бұл – мамырдан басынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. 5 мамыр күні министрлік бір күнде 43 адамның көз жұмғанын айтқан.

9 шілде күні тіркелген 41 өлімнің 38-інде коронавирус ПТР тестімен анықталған (КВИ+), үшеуінде диагнозы ауру белгілері бойынша (КВИ-) қойылған.
КВИ+ бойынша қайтыс болғандардың жалпы саны осылайша 4647 адамға жетіп отыр. Бірақ бұған коронавирус жұқтырып қайтыс болған 2367 адамның өлімі қосылмаған. Денсаулық сақтау министрлігінің сөзінше, бұл адамдар басқа себептен қайтыс болған, ал коронавирус жай ғана ілеспе диагноз болған. 8 шілдеде өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов бас статистикасына қосылмаған бұл өлімдердің 60 пайызына жүрек-тамыр аурулары себеп болған. Ал ғылыми деректерге қарағанда, коронавирустың салдарынан көбіне осы жүрек-тамыр жүйесіне нұқсан тиеді. Оның үстіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да мұндай жағдайларды коронавирус өліміне қосу керек деп санайды.
КВИ- бойынша 2020 жылғы 1 тамыздан бері 3489 адам қайтыс болған.
Қазақстанда кейінгі апталарда коронавирус індеті қайта өршіді. Денсаулық сақтау министрлігі мұны «дельта» вариантының тарауымен байланыстырады. Елде алғаш рет маусымның соңында тіркелген бұл вариант бастапқы варианттарға қарағанда едәуір жұқпалы, оның өлім қаупі жоғары. Коронавирус вакциналарының бұл варианттан қалай қорғайтыны туралы дерек аз, дегенмен мамандар екпе салдырған адамның ағзасы екпе салмаған адамның азғасына қарағанда бұл вариантты жеңіл өткереді дейді.
Елде вакциналау науқаны 1 ақпанда басталған. Азаматтарға бар-жоғы төрт вакцина ұсынылған. Олар: ресейлік "Спутник V", Қытайда әзірленіп, қазақстандық QazVac, БАӘ-де өндірілген Hayat-Vax, қытайлық CoronaVac. Соңғы күндері кейінгі үш вакцинаның бірінші дозасы таусылып жатыр деген ақпарат тарады. Қазір екпе орталығына алғаш барған адамға көбіне ресейлік вакцинаны ұсынып жатыр. 23 сәуірден бастап бұл вакцинаны Қарағанда зауытында да өндіреді.
Осы күнге дейін барлығы 2,4 миллион адам екпені толық алған. 190 мың адам екінші дозаны күтіп отыр.
19 миллионға жуық халқы бар Қазақстанда коронавируспен барлығы 512 685 адам тіркелген.
11 шілде 2021 ж. 339 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 87

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930