Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысынада түйелер қауіпті ауру жұқтыруда

Қызылорда облысынада түйелер қауіпті ауру жұқтыруда

Қызылорда облысы Арал ауданы мал қожалықтарының жағдайы күрделеніп барады. Соңғы уақытта түйе малынан белгісіз дерт анықталып, жануар табанының түсіп қалу жағдайлары байқалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өркешті жануардың ауруы аудандағы Жақсықылыш кенті, Аққұм және Қарақұм ауылдарында тіркелген. Дертке шалдыққан малдың жалпы саны 24-ке жетіп отыр. Ветеринар мамандар арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, түйелердің "Некробактериоз" кеселін жұқтырғанын анықтап отыр. Қазіргі күні аурудың жаппай тарап кетпеуінің алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.
"Бұл ауру жануарлар арасында болатын аса қауіпті аурулардың тізбесіне жатпайды. Дегенмен де жұқпалы болып табылады. Бактериялар жарақат болған жануарларда тарайды. Көбінесе ауырған түйелердің табанын зақымдалып, мазольді қабатын бұзып түсіреді. Аталмыш кеселмен жануарлардың барлық түрлері ауыратынын айта кеткен жөн. Бұл кесел әсіресе қажетті жем-шөп қорегінің болмауынан, қыстан арық, көтерем болып шыққан малдарда көптеп кездеседі. Сондай-ақ, лайлы-шалшық жерлерде, көктемде қора-жайларға механикалық антисанитарлық жұмыстардың жүргізілмеуінен пайда болады", - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Дармағамбетов.
Бүгінгі күні ветеринар дәрігерлер ауырған түйелерді емдеу үшін түрлі антибиотиктерді егілудн. Оның ішінде "Бициллин-3", "АСД фракция-3" ерітіндісі, "Ашокси", "Нитокс-200" ветеринариялық препараттары бар. Қажетті дәріні мал иелері өз қаражаттарына алып жатыр.
Қазірде ауырған түйе малдарының жағдайы қалыпты. 24 бас түйенің 14 сауыққан.
10 шілде 2021 ж. 477 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 274

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031