Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ПТР тест те тегін болуы мүмкін бе?

ПТР тест те тегін болуы мүмкін бе?

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ПТР тесттің ақылы болатын себебін түсіндірді.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
«Квазимемлекеттік сектор компанияларының вакцинадан бас тартқан қызметкерлерін апта сайын өз есебінен ПТР-тест тапсыруға мәжбүрлеп жатыр. Неге вакцина мемлекет есебінен тегін егіледі, ал ПТР-тестті тұрғындар өз қалтасынан төлеуі керек. ПТР тестілеуді тегін жүргізу жоспарда бар ма?» – деген журналист сұрағына ол азаматтарда таңдау құқы бар екенін айтты.

«Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында азаматтарға ақысыз негізде қызмет көрсетіледі. Ал Конституция бойынша коронавирусқа қарсы вакциналау тегін қызметке кіреді», – деді ол.
Сонымен қатар ол ПТР тест 12 санат үшін тегін екеніне тоқталды.

«Олар клиникалық белгілері бар науқастар, вирусқа шалдыққан науқастармен байланыста болғандар, жүкті әйелдер және т.б. Бұдан бөлек, адамдарға тегін ПТР тестілеу қарастырылмаған. Азаматтарға таңдау жасау құқы бар: вакцинация немесе ПТР тест. Вакцина тегін салынады. ПТР тест мемлекет бюджетінен қаржыландырылмайды», – деді Айжан Есмағамбетова.
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулысына сәйкес, 15 шілдеге дейін қызмет көрсету, білім беру, мәдениет, сауда және тағы бірқатар саланың қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндетті.
09 шілде 2021 ж. 521 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 139

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 145

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031