Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда балаларға вакцина сынала ма?

Қазақстанда балаларға вакцина сынала ма?

Ресейде Sputnik-V вакцинасының балаларға сыналуы қоғамда алаңдаушылық тудырды. Мамандардың айтуынша, мұндай ғылыми сынақтар халықаралық тәжірибе болып саналады. Вакцинаны балаларға салдырған дұрыс па? Бұл туралы балалар невропатолог Қайырғали Көнеев айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz

Дәрігердің айтуынша, балаларға вакцина салу Қазақстанда да жүргізіледі. “Біздің қоғамды бұл мәселе не үшін алаңдатады? Өйткені вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі халықтың ересек тобына әлі дәлелденбеді. Сондықтан қоғам қорқып отыр. Дегенмен балалар ересектерге қарағанда әлдеқайда көп мөлшерде вакцина алады. Туғаннан бастап әртүрлі вакциналар салынады.
COVID-19-ға қарсы вакцина өлімнен аман алып қала ма?
Қазақстан мен Ұлыбританиядағы жағдайды салыстырамыз
Заң бойынша вакцинаны мәжбүрлі түрде егуге бола ма? ? Заңгер жауап берді
Вакцинаны балаларға сынау Қазақстанда міндетті түрде күтілетін сәт деп ойлаймын. Sputnik V-мен болып жатқан барлық жағдайлар Қазақстанда да болады. Жақын уақытта Денсаулық сақтау министрі хаттаманы өзгертіп, балаларға да вакцина салу жұмыстарын бастайды деген ойдамын.
Sputnik V-ді өндірушілер вакцинаның аденовирус негізінде жасалғанын айтады. Аденовирус ол барлық жерде таралған вирус. Жеңіл тұмау тудыратын синдром. 3-4 күнге созылады. Жеткілікті таралған инфекция аурудың созылмалы түрлерін жойып, организмнің ауыр зақымдануына жол бермейді. Тіпті балаларға практика жүзінде іске асырылса да қандай да бір қауіп төндірмейді деп ойлаймын”, – дейді ол.
09 шілде 2021 ж. 242 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 107

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930