Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина NARUVAX C-19
Халықаралық вакциналогия орталығында әзірленіп жатқан екі қазақстандық вакцинаның клиникаға дейінгі сынақтарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда
Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина NARUVAX C-19 деп аталады.
Бүгінгі күнге дейін ДДҰ Қазақстанда әзіренген төрт вакцинаны тіркеді. Қазіргі уақытта олардың екеуі жануарларға клиникаға дейінгі сынақтан өткізіліп жатыр. Тәжірибелер Айқымбаев атындағы ерекше қауіпті инфекциялар ғылыми орталығында жүргізіледі.
Жаңа вакцина Қазақ аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакциналогия орталығында әзірленді. Қазір ол клиникаға дейінгі тексеруден өтіп жатыр. Жобаға жас қазақстандық ғалым Қайсар Табынов жетекшілік етеді.
"Вакцина синтетикалық жолмен өндірілген рекомбинантты ақуыздар негізінде дайындалады. Бұл ретте біз S-ақуыз туралы айтып отырмыз. Вакцинаның маңызды компоненттерінің бірі - оның ақ түске ие екендігі. Оны арнайы нано-эмульсия майы адъюванты қалыптастырады.
Мұны бізге француздық серіктеріміз ұсынды. Препарат 20-дан астам елде түрлі вакциналардың құрамында қолданылады", - дейді Халықаралық вакциналар орталығының жетекшісі.
Оның пікірінше, егер қазақстандық ғалымдар алдағы уақытта вакцинаны зертханалық жануарларға емес, адамдарға сынақтан өткізіп, оң нәтижеге қол жеткізсе, бұл өз кезегінде препараттың тек Қазақстанда ғана емес, дүниежүзінде тіркелу процедурасын жеңілдетеді.
Ал әзірге көңіл қуантарлық нәтижелер бар. Ол иммундық жүйемен, яғни адам ағзасында ұзақ мерзім бойы инфекцияға қарсы қорғаныс жүйесінің қалыптасуы қабілетімен байланысты.
"Вакцина Т-жасуша деп аталатын иммундық жүйеге ие. Ол коронавирусқа қарсы антиденені бөліп қана қоймай, ағза тіндерін жасушалық деңгейде оған қарсы тұруға әсер етеді", - дейді Табынов.
Тағы бір қазақстандық вакцина NARUVAX C-19 /nano деп аталды. Ол Огайо штаты университетіндегі серіктестермен бірлесіп жасалған.
"Ол әртүрлі полимерлердің нанобөлшектері негізінде дайындалады. Бұл – табиғи, биологиялық түрде ыдырайтын және биоүйлесімді полимерлер. Яғни олар денеге енгенде, оған жеңіл сіңіп келеді", - деді ғалым.
Жаңа вакцинаның басты ерекшелігі – препаратты бұлшықетке екпейді, мұрынға тамызады. Осылайша, вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі артады, ол мұрынның шырышты қабатын қорғай отырып, вирустың қанға енуіне жол бермейді.
Екі препаратты да жыл соңына дейін клиникаға дейінгі сынақтан өткізу көзделіп отыр.