Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құн мен сын

Құн мен сын

Жыл басынан бері бензинде қымтаттауын тоқтатпаған құн өткен аптада тапшылығын танытты. Көлік жүргізушілері үшін бұған дейін көктемгі егіс егу мен күзгі жиын-терім науқанында көтерілетін көрсеткішке мойынсұнса да, биылғы жылдың басқа жырдан бөлектігін айтып, көз көрген көрініске налалы. «Борсық ұрған сайын семіреді» дегендей6 күн өткен сайын көрсетікші шарықтап келе жатқанына қармай, талонға телміртудің жөні қайсы? Жанар май бекеттеріндегі ұзын-сонар кезек пен халық жанарынандағы қынжылысқа жергілікті биліктің бәтуасы қандай? Аталмыш тақырып туралы ізденбекке бел будық.
Бензиннің қымтаттауы көлік жүргізушілеріне ғана емес, қарапайым халықтың отбасылық бюджетіне де салмағын салады. Себебі көлік азығының асқақтауы, азық-түліктің аспандауына өзі әсерін тигізетінін соңғы жылдары экономикалық білімі жоқ әрбір қазақстандық топшылай алады. Бензин құнданса, тұтынатын тағамның транспорттық бағасы 30-40 процентке артады.
ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов: «Соңғы бір жылда баға бүкіл әлем бойынша өсті. Біріккен ұлттар ұйымы 12 ай ішінде баға 40 процентке қымбаттады деген ақпарат таратқан. Бұл рекордтық көрсеткіш» дегені бар-тын. Сонда беталыссыз бағанының себебін БҰҰ-ға жабу мәселенінің түйінін тарқата ма?..
Ең арзан баға мен келісті көрсеткіш
АИ-92 бензин маркасының литрі қазіргі күнде ел бойынша – 169-186 теңге көлемін құрап отыр. Әлем бойынша ең арзан бензинді венесуэлалықтар тұтынады екен. Бір литріне 8,5 теңге төлесе, ең қымбат бензинмен Гонконг тұрғындары кездесіп отыр. Олардағы жанар-жағармай құны 1070 теңгені құрайтын көрінеді. Қызығы сол, біздің ел халықаралық қатарда ең арзан өнім пайдаланушылар санатына жататын болып шықты.
Халықтың: «Қазақстан мұнай үстінде отырып, неге бұл салада қиындыққа кезігеді?» деген наласын қаперге алып, негіздеме іздедік. Қазақстан экономикасы туралы айтылғанда, сөз болатын мұнайлы, шырайлы елдің жыл сайын өндірілетін 85 млн тонна өнімнің 16 миллион тоннасы ғана өзімізге тиесілі. Қалған бөлігі экспортқа бағытталған.
Бұл орайда энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауов сөзіне сенсек, бензин туралы байбалам салуға тым ерте және ол негізсіз. Себебі Қазақстан, жоғарыда атап өткендей, әлемде ең арзан бензин сататын 7 елдің бірі. Министрлік қызметкерінің пікірінше, біздегі дайын бензин бағасы әлем нарығындағы шикі мұнайдан да төмен. Мұнайдың баррелі 64 доллардан саудаланса, бұл теңгеге шаққанда 27200 теңгені көрсетеді.
Тапшылық қымбаттаудың алғышарты ма?
Өңірде бүгінгі күнде 146 жанар жағар май құю бекеті бар. Туындаған мәселе бойынша жауаптыларға хабарластық.
Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов жақында облыс орталығында өткен брифингте былай деді.
– Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап республика бойынша жанар-жағар майдың бағасының қымбаттауы орын алып отыр. Экономикалық қарапайым тілмен айтқанда, көрші елдердегі бағаның жоғары болуы, әсіресе Еуразиялық кеден Одағындағы елдер ашық кеңістік жағдайындағы бағаның жоғарылауы Қазақстандағы бағаға да әсер етеді, – деді.
Басқарма құзіреттігіне кіретін бөлшек саудадағы жанар-жағармай бағаларына жасалған мониторинг туралы сұрағанда, бүгінгі күнге мұнай өнімдерінің жалпы қоры АИ-92 3141 тонна, дизель отыны 3133 тонна, облыста 1 күнге АИ - 92-нің бір күндік сұранысы 215 тоннаны құрайтынын атап өтті. Бұл бензин 13 күнге, дизель 23 күнге жетеді деп болжанып отырғандығын жеткізді.
Ал өткен аптада орын алған жағдайдың себебі мен салдары туралы Фердоуси Әбілқасымұлы былайша мәлімдеді:
«Негізгі өнімді жеткізуші ШНОС Шымкент мұнай өңдеу зауытының жөндеуде тұруына байланысты сол уақытта, өңірдегі мұнайға өтінім беретін мекемелердің бір мезетте тапсырыс берген. «Қызылорда мұнай өңдеу өнімдері» ЖШС-ның қалалар мен аудандарда 18 бекеті бар. Бұл кәсіпорын негізінен бюджеттік мекемелермен жұмыс жасайтын болғандықтан, бірінші кезекте солардың бюджеттің белігенуіне байланысты тұтынуын өтеу үшін бірнеше күнге талонға көшу жағдайы енгізілген. Сол сияқты «ҚазМұнайГаз» АҚ жанар-жағармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны еркін сатылып отыр. Жаңа жұмысын бастаған жүйелерде де осындай жағдай», – дейді сөзінде.
Мұнай өнімдері тапшылығын болдырмау мақсатында энергетика министрлігімен біршама жұмыстар жолға қойылған. Қазақстан бойынша зауыттар толық қуатта жұмыс жасауда, қоры жеткілікті. Тапшылық негізі теміржол вагондары жетіспеушілігінен туындап отыр. Облыс әкімі және басқарманың тұрақты бақылауында. Қалыпты жұмыс ырғағына түсетін күн алыс емес.
Тақырып турасында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов мәлімдемесінде 2019 жылдан бастап энергетика министрі осы өнімдер бағасын электронды сауда алаңына шығаруды қолға алған. Сәуір айына дейін тасымалдану 25 процентті құрса, маусым айына 45 процент болып белгіленген. Сатудың жаңа түрінің ерекшелігі бұрын тек аккредиттелген 15 кәсіпорын ғана тасымалдаумен айналысса, енді оған қосымша 60 текше метр қысыммен жұмыс істейтін басқа да бекет иелері тікелей электрондық сауда алаңдарына қатысуға мүмкіндік алған. Бұл бағытта әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия өңірге қажетті газ көлемін ай сайын бекітілген қағидаға сәйкес шығарыпотырады.
Ерлан Ералыұлы журналистермен кездесуінде 2020 жылдың 3 сәуірінде энергетика минстрлігі ұлттық экономика министрлігімен біріккен ұйғарым шыққандығын алға тартты.
Ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін Қызылорда облысында электрондық сауда алаңдарына жіберілетін газ көлемі өсуін нарықтық ортаға берілгеннен шектеумен байланыстырды.
– Қатты өсім болып жатқан жағдайда біз бәсекелестік қорғау департаментімен бірлесіп жұмыс жасаймыз. Тиісті мәліметтерін беріп отырамыз. Қазір Қызылорда облысында газ жоқ деп айтуға болмайды. Бағаға байланысты қос министрлікке шұғыл хат жолдап, шектеуді алып тастауды сұрадық. Мәселен Түркістан облысында газ қымбат, бізге бөлінген газ көлемін тек облыс тұтынсын деген жоқ. Басқа жаққа алып кетуге мүмкіндік бар. Осының бәрі хатта көрінді, – деді Е.Жоламанов.
Бағаға жауапты бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті облыста жұмыс істейді. Тұрығындар арашаны күткен бұл басқрама басшысы Ерсін Орынбаевтың уәжі уақытша қиындық жылына бір рет күрделі жөндеуден өту үшін жұмысын тоқтататын Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Шымкент қаласындағы зауыттарға байланысты туындағанын алға тартты. «Қазір дизель отыны баға тұрақты. 188-190 теңге. Бенизин 167-172 теңгені құрайды. Сұйық газда да тұралау жоқ. Құқықбұзушылық орын алса, монополияқ қарсы ден қою шаралараны ұсынамыз», – деді Ерсін Сейітханұлы. Айтуынша, басқа облыстарға қарағанда 4-5 теңге болса да арзан. Статистикалық мәліметтерге зер салсақ, ең қымбат жанар - жағар май Солтүстік облыстарда кездессе, оңтүстік аймақ арзан бензин тұтынушылар санатына кіреді. солтүстіктегі мұнай өнімін тасымалдаушылар тапшылық тудырмас үшін кейде жанар майды Ресейден жеткізетін көрінеді. Бұл көрініс еліміздің ішкі нарықты сұйық отынмен қамтамасыз етуге әлі де қауқарсыздығын байқатып, импортқа тәуелділіктен ажырай алмайтынымызды байқатады.
Бензин қоры бітуге жақын ба?
Жақында әлеуметтік желіде «Қазақстанда жанар-жағармайдың небәрі 20 күндік қоры қалды» деген пікір паш етті. Сондай-ақ халық жыл соңына дейін бензин құны 200 теңгеге дейін қымбаттайды деген пікірді айтып жүр. Жауаптылар алаңдауға негіз жоқ дейді. Оған себеп – шикі мұнай тоннасы ішкі нарықта жеткілікті деңгейде. Оны өндіру ағымдағы қажеттілікті толық қамтиды. Ал сарапшылар нарықтық экономика саласында елдегі бензин жыл өткен сайын көтерілуі тиіс дейді. «Қазақстан мұнай сервистік компаниялары» одағының төрағасы Рашид Жақсылықов 2025 жылы мұнай өнімдері бағасы Ресейдегі бағамен теңесетінін алға тартты. Бұл кедендік одақ елдері келісіміндегі бағаның бірыңғайлық көрсеткіші. Ал арзандау жағдайы таяу жылдары орын алмайтынын бағамдау қиын емес. Ол кедендік Одақтан шыққанда ғана орын алуы мүмкін. Таразынының қос тарапы болатындай, бұл жағдайда өзге қиындық пен экспорттың жайы тұралайтыны тағы бар.
Әлемдегі «ең арзан» өнім тұтынып отырған елдің жұрты бүйірден қысқан қымбатшылыққа емес, үстінде отырып, тамшысы ту бие болған тапшылыққа күйінуде.
Бұл орайда экономистер үш негізгі себепті алға тартады. Олар: уақытында инвесторлар есебінен модернизация жасалған зауыттар ақысының қайтару кезеңінің жеткендігі, ұлттық вальютаның құнсыздануына байланысты мұнай саласы өз жұмысшыларына табысты индесациялауының тиістігі қосымша құнға әсерін тигізгендігі, соңғысы, Еуразиялық экономикалық одақтағы біріздейлендірген баға көрсеткіші.
Темір тұлпар азығында әзір тоқтау болмай ма деп қауіптенеді. Сондықтан оларға тек мұнай нарығындағы ахуалды бақылаудан басқа амал қалмауда.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА


29 маусым 2021 ж. 351 0

ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды

26 желтоқсан 2024 ж. 87

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031