Елімізде 65 мыңнан астам полиция қызметкеріне вакцина егілді
Ішкі істер органдары қызметкерлеріне вакцинация ерікті түрде жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі өткізген тікелей эфирдегі брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ішкі істер министрлігі Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаевтың мәлімдеуінше, полиция қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерінде қылмыстарды ашқанда және тергеу кезінде, оқиға болған жерді қарау кезінде, жауап алу, қызметтік қоңыраулар өткізу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ санитарлық бекеттерде қызмет ету және карантиндік шараларға қатысу кезінде тұрғындармен үнемі байланыста болады. «Әрине, олар COVID-19-бен ауыру қаупі бар. Сондықтан, ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ медицина қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина егудің негізгі тобына кіреді», - дейді Сұлтанбаев. Жалпы, бүгінгі күнге дейін 65 мыңнан астам полиция қызметкері COVID-19-ға қарсы вакцина алды.