Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде бәсекелестікті дамытуда қандай кедергілер бар

Елімізде бәсекелестікті дамытуда қандай кедергілер бар

ҚР Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігі төрағасының Серік Жұманғарин бәсекелестікті дамытудағы үш негізгі кедергіні атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылғаннан бері елімізде бәсекелестікті дамытудағы аса маңызды кезең – Мемлекет басшысының бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы Жарлығының қабылдануы болды. Онда алғаш рет Қазақстанда бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу және проактивті бәсекелестік саясатты енгізу ҚР Президентінің, Үкіметінің, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінің басым бағыты болып жарияланды. Президент Жарлығында Үкімет пен мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді», - деді С. Жұманғарин Үкімет отырысында. Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында краудсорсинг алаңдарын ашқан. Ең алдымен, бұл - Open Space пікір алмасудың ашық диалог алаңы, онда қоғамды толғандыратын ең өзекті және көкейкесті мәселелер бойынша 220-ден астам сессия өткен. Сондай-ақ елдің 17 өңірінде тосқауылдар бойынша кеңестер құрылды, оларға 216 сарапшы қатысады. Осы уақыт ішінде 80-нен астам кедергі анықталып, оның 13-іне шара қабылданған. «Бүгінгі күннің негізгі міндеті – мемлекеттің экономикадағы рөлін айқындау. Бұл ретте, бәсекелестікті дамыту бойынша үш негізгі реттеуші кедергі анықталды. Біріншіден, бұл негізгі қуатқа қол жеткізу, бағаны бұрмалау, сондай-ақ жебеушілік немесе фаворитизм. Негізгі қуатқа қол жеткізуді қамтамасыз ету – маңызды міндет болып отыр. Бұған магистральдық теміржол желісі, байланысқа арналған кабельдік кәріз, әрі қарай өңдеуге арналған бастапқы металдар, теңіз порттары, дәрі-дәрмек өндіруге арналған заттар, өндіріс технологиялары жатады. Біз негізгі қуатқа қол жеткізу принциптерін айқындадық: ақылылық, транспаренттілік, жеделділік, мүмкіндік, басым жағдайға ие болу», - дейді Серік Жұманғарин.

22 маусым 2021 ж. 343 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930