Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Токио Олимпиадасында алғаш рет COVID-19 жағдайы тіркелді

Токио Олимпиадасында алғаш рет COVID-19 жағдайы тіркелді

Олимпиадасында Уганда құрамасынан коронавирус тіркелген. Бұл туралы NHK хабарлады.Уганданың бокстан Олимпиада құрамасының мүшесі COVID-19-ға ПТР-сынамасын тапсырған кезде белгілі болған. Бұл - «Токио-2020» Олимпиадасында шетелдік қатысушылардан тіркеліп отырған бірінші жағдай. Жалпы Токио Олимпиадасында қатысушыларға сынама тапсыру міндеттелген.

Угандалық спортшы екі рет сынама тапсырып, екеуінде де оң нәтиже көрсеткен соң, оқшауланды. Қазіргі уақытта спортшы үкімет белгілеген мекемеге жеткізілді. Ал қалған құрама мүшелері Осака қаласындағы оқу-жаттығу жиындарына жіберілді.

Кейінен угандалық команданың барлық мүшелері AstraZeneca вакцинасының екі дозасын алғаны және Жапонияға дейін 72 сағат бұрын теріс нәтиже көрсеткені анықталды. Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 2020 жылы 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі тиіс еді. Пандемияға байланысты жарыс кейінге қалды. Биыл жарыс 2021 жылдың 23 шілдесінен 8 тамыз аралығына жоспарланған.
21 маусым 2021 ж. 659 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 159

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031