Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екінші қазақстандық вакцинаның сынағы басталады: еріктілерге қанша теңге төленеді

Екінші қазақстандық вакцинаның сынағы басталады: еріктілерге қанша теңге төленеді

Сынаққа қырық төрт ерікті қатысады, олардың жартысы плацебо алады. Жаңа отандық QazCoVac-P вакцинасы 200 мың теңгеге еріктілерге сыналады. Таразда коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCoVac-P вакцинасын сынақтан өткізу басталғалы жатыр, оған 44 ерікті қатысады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бірінші клиникалық сынақтарға 18 бен 50 жас аралығындағы дені сау адамдар іріктелуде.44 адамның жартысына жаңа препарат егіледі, екінші жартысы плацебо алады. Еріктілерге 200 мың теңге мөлшерінде сыйақы төленеді.Ғалымдардың айтуынша, егер бәрі сәтті өтсе, сынақтың екінші фазасы басталады. Оған 200 адам қатысады. QazCoVac-P – Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген екінші вакцина. "Біріншісі инактивтелген вакцина болды, ол жерде біз тірі вируспен жұмыс істейміз. Ал мына вакцинаның құрамында тірі вирус жоқ. Бұл суббірлікті вакцина. Бұл вакцина жұмсағырақ болады деген үміттеміз", - деді Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Берік Хайруллин.

17 маусым 2021 ж. 725 0

Көңіл толқытқан трагедия

24 қаңтар 2026 ж. 144

Күймен көмкерілген кеш

24 қаңтар 2026 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031