Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 маусымға арналған ауа райы болжамы

15 маусымға арналған ауа райы болжамы

15 маусым күні ҚР территориясының басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің тек батысы және оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай, өткінші жаңбыр, бұршақ болжанады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Сонымен қатар оңтүстік-батыста түңгі және таңғы сағаттарда тұман болады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында дауыл, бұршақ күтіледі, кей жерлерде жел 15-20, 23-28 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз шаңды дауыл, 15-20 м/с екпінде жел болады.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында желдің күші 15-20 м/с құрайды. Түркістан облысында екпіні 25 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда облыстарында сондай-ақ шаңды дауыл көтеріледі.

Батыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан облысында бұршақ болжанады.

Сондай-ақ күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болуы ықтимал.

Қызылорда, Павлодар облыстары, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі

15 маусым 2021 ж. 357 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 160

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031