Қазақстан мектептерінде арнайы дайындық жүргізіледі - ІІМ

ІІМ басшысы Қазан мектебінде болған қайғылы оқиғаға байланысты мектептердегі қауіпсіздік мәселесі ерекше өзекті екенін айтты. ІІМ білім беру органдарымен бірлесіп мектептерге тексеру жүргізген.
Оның айтуынша, бірқатар кемшілік анықталған:
мектептерді бейнебақылау жүйелерімен 100 пайыз жабдықтағанына қарамастан, олардың жартысына жуығы белгіленген стандарттарға сәйкес келмейді;
мектептердің тек үштен бірінен астамы шұғыл ескерту жүйелерімен жабдықталған;
мектептердің тек 8 пайызы ғана дабыл қағу түймесімен жабдықталған;
кіргізу-шығаруды бақылау 5 пайызға;
турникеттермен тек 4 пайыз, металл детекторлармен1 пайызы жабдықталған.
Сонымен қатар, мектептердің тек 6 пайызы күзет ұйымдарымен келісім-шарт жасасқан.
"ІІМ Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған заттардың тізбесін әзірледі. Бұл қару-жарақ, пышақ, жарылғыш құрылғылар және соған ұқсас заттар, пиротехникалық құралдар мен газ баллондары. Ол 2021 жылдың 13 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі", - деді ІІМ басшысы.
Мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жеке күзет ұйымдарына қосымша біліктілік талаптары енгізіледі.