Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жыл соңына дейін 32 педофил бостандыққа шығады

Қазақстанда жыл соңына дейін 32 педофил бостандыққа шығады

Зорлық-зомбылық жасағандарға мәжбүрлі түрде химиялық кастрация жасалмайды. Олар шыққаннан кейін мінез-құлқына байланысты алты айдан үш жылға дейін полицияның бақылауында болады.

Елімізде 32 педофил жыл соңына дейін бостандыққа шығады. Зорлық-зомбылық жасағандарға мәжбүрлі түрде химиялық кастрация жасалмайды. Олар шыққаннан кейін мінез-құлқына байланысты алты айдан үш жылға дейін полицияның бақылауында болады. Дегенмен, еркін өмірге оралған педофилдер қайта қылмыс жасайды. Психологтар мен құқық қорғаушылар осылай деп дабыл қағып отыр, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Былтыр балаларға қатысты үш жүзден аса зорлық-зомбылық қылмысы тіркеліпті. Бұл тек белгілі болған деректер. Ал жыныстық сипаттағы әрекеттерді ата-аналар көп жағдайда жасырып қалады. Психологтарға жүгіну де сирек кездеседі.

"Мұндай жағдайға тап болған баланың психологиясына зақым келеді. Оны әп-сәтте емдеу мүмкін емес. Ол үшін ұзақ жұмыс істеу қажет. Зорлық-зомбылықтан аман қалған баланың мінез-құлқында ауытқу болып, өзіне зиян келтіруі де мүмкін. Бізде тек қыз баласы зорлық-зомбылыққа ұшырайды деген ой қалыптасқан. Өкініштісі, ұлдар да, жастар да жәбірленіп жатады", - деді "Қорғау Астана" қорының жетекшісі Анна Рыль.

Сотталған педофил бостандыққа шыққаннан кейін бұрынғы қылмысын қайта жасайды дейді психологтар. Бұған статистика дәлел. Қазіргі уақытта 2 мыңға жуық адам жазасын өтеп жатыр, олардың 20 проценті педофил-рецидивистер.

"Пенитенциарлық пробация заңдарына сәйкес, қылмыскерді бостандыққа шығарар алдында бір жыл бұрын дайындық басталады. Яғни әлеуметтік немесе басқа көмек көрсетудің барлық мүмкіндіктері ескеріледі. Мысалы, егер сотталған адамның жеке басын куәландыратын құжаттары болмаса немесе зейнетақы, жәрдемақы алу бойынша қандай да бір құжаттарды ресімдеуге мұқтаж болса, жәрдем көрсетіледі. Сондай-ақ босатылғаннан кейін оның жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Сондықтан босатандыққа шыққаннан кейін жергілікті атқарушы органдар көмек көрсетеді", - деді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқарма бастығы Бибігүл Мұңайтпасова.

Сотталғандарды бостандыққа жіберу барысында зейнетақы мен жәрдемақы рәсімдейді. Олармен психологтар да жұмыс істейді. Алайда құқық қорғаушылардың пікірінше, бұл тиімсіз. Бостандыққа шыққандар қоғам үшін қауіпті. Себебі олардың 90 проценті өзгермейді дейді маман.

"Бізге ұсынылған кейсте 24 жастағы адамның мас күйінде жасаған үкімін зерттедік. Онда қылмыскер бүлдіршінге қатысты ауыр қылмыс жасады. Яғни ол жазықсыз баланы зорлаған. Біз бұл істен бас тарттық. Себебі мұндай адамдармен түрмеде психотерапевт, психолог, терапевт жұмыс істеуі керек. Бірақ бұл қызметтер кешені аймақ аумағында ұйымдастырылмаған. Бізде өкінішке орай, жүйе жоқ", - деді "Право" қорының жетекшісі Ольга Рыль.

Елімізде қылмыскерлермен қоғамдық ұйымдар да жұмыс істеуден бас тартады. Мысалы, АҚШ-та хирургиялық кастрацияға рұқсат етіледі, ал Германияда педофилдер мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі. Оларда педофилдер туралы деректер ашық жарияланымда. Қазақстанда да осындай сайт бар. Әрбір ата-ана азғындардың мекен-жайына дейін барлық ақпаратты біле алады.

03 маусым 2021 ж. 567 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930