Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көрші елдерде ақылы жол төлемі біздікінен қымбат

Көрші елдерде ақылы жол төлемі біздікінен қымбат

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

Оның айтуынша, жол сапасы оның күтіміне жұмсалатын шығындарға байланысты. Сол үшін жолдарды ақылы ету арқылы оның күтіміне кететін республикалық бюджет шығындары төмендетілмек.

Ал төлем құнына келер болсақ. Оның бағамын Үкімет 2013 жылы Астана-Щучинск жолын ақылы еткен кезде бекітті. Сол баға жаңа учаскелерде де қолданылып келеді. Көрші елдерде төлем жүйесі бұрыннан бар. Және ондағы баға біздікінен анағұрлым жоғары. Мысал ретінде айтар болсақ, Ресейде жүк көліктері бір шақырым үшін 22 теңге төлейді. Германия мен Италияда біздің теңгеге шаққанда бір шақырым үшін төлем 70 теңгені құрайды. Белоруссуияда ол 80 теңге,- дейді министр.
Кездесуден келтірілген мәліметке сүйенсек, біздің елде 1 км жол үшін жеңіл автокөлік 1 теңге төлейді. Сонымен қатар жергілікті автокөліктер үшін жылдық абонемент қарастырылған. Оны бағасы – 1000 теңге. Автобустар үшін бір шақырым жолдың құны жолаушылар орнына байланысты 5-15 теңге аралығында. Қалааралық және жергілікті автобус рейстері төлемнен босатылғанын да атап өту керек.
Жүк көлігі үшін төлем салмағына байланысты бір шақырым үшін 5-25 теңге аралығында.

Осыдан бірнеше күн бұрын жүк көлік иелері жаңа учаскелердің ақылы болғанына наразылық білдіріп, шу көтерді. Оларға жағдайды түсіндіріп басу айттық. Жалпы бұл мәселе соңы екі жыл бойы осы салаға қатысты ведомстволар тарапынан көтеріліп келеді. Дегенмен ақылы жол әлемдік тәжірибеде бар екенін атап өткен жөн. Бұл «жолды пайдаландың ба, ақы төле» деген әділ принципке негізделген. Жол сапасы оны күтіп ұстауға кететін шығындарға тәуелді. Ал жүк көліктері жол сапасына едәуір кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар Қазақстан аумағы арқылы ондаған транзиттік жүк көліктерінің өтетінін де ескеруіміз керек, - деді министр.
Оның айтуынша, 2025 жылға дейін елде 11 мың км жол ақылы болады. Биыл 5,8 мың шақырымға төлем енгізу көзделген.


02 маусым 2021 ж. 519 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930