Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауіпті "Қара зең" індеті Иракқа да жетті

Қауіпті "Қара зең" індеті Иракқа да жетті

Ирактың Насирия қаласында мукормикозға, яғни, қара зең ауруына шалдыққан және одан көз жұмған алғашқы науқастар тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Иракта мукормикоз – "қара зеңді" жұқтырғандар мен қайтыс болғандар тіркелді. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Ди-Кар провинциясында төрт адам осы ауруды жұқтырып, екеуі көз жұмған. Олардың барлығы да коронавируспен ауырып шыққан адамдар.

Мукормикоз алғаш рет Үндістанда анықталды, қазір елде бұл індет өршіп тұр. Осыдан кейін ауру Египетке жетті. "Қара зең" немесе мукормикозмен, әдетте, иммунитеті әлсіз адамдар ауырады. Ауруды организмге түскен зең споралары қоздырады. Негізінен мұрын қуысы мен көзге таралады. Алғашқы белгілері – тұмау, көздің ісуі, беттің жансыздануы. Мукормикоз ыстық әрі ылғалды климатта тез таралады.

Үндістанда дәрігерлер "қара зеңге" шалдыққан науқастардың көздерін ойып алып тастауға мәжбүр болды. Мукормикоз, негізінен, жансақтау мен жасанды тыныс алдырту аппаратында ұзақ жатқан адамдарда анықталатыны хабарланды.
02 маусым 2021 ж. 357 0

Балгер бағыңды аша ма?

23 тамыз 2025 ж. 176

Балалықтың тәтті бояуы

23 тамыз 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031