Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қандастардың елге оралуы қайта жандана бастады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қандастардың елге оралуы қайта жандана бастады

Ресми дерек, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 76,1 мың этникалық қазақ оралған дейді.

Мамыр айының басында қазақстандық БАҚ Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына Түркіменстаннан 256 қазақтың көшіп келгенін жарыса жазды. Бұл расымен, бөрікті аспанға атар қуанышты жаңалық. Түркімен жерінен келген көштің бұл екінші керуені. Осыған дейін ақпан айының соңына қарай Түркіменстаннан 153 қандасымыз қоныс аударған еді. Қандастарды қарсы алу жұмыстарын ұйымдастыруға ҚР Сыртқы істер министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Мемлекеттік Шекара қызметі, Маңғыстау облысы әкімдігі, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «Отандастар қоры» КЕАҚ пен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өкілдері атсалысты.


Ұлы көшке қозғау салған қаулы
Жалпы, атажұртқа қоныс аударған қандастар жайлы хабар үзілген емес. Дегенмен, кейінгі жылдары бұл тақырыптың жиі көтеріліп, басылым беттерінен көрініс табуына Мемлекет басшысының 2019 жылы шет елдердегі қандастарымызды қазақ жеріне қоныстандыру туралы №711 қаулысы түрткі болды.
«1991 жылы 18 қарашада Н.Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат болды. 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 миллионнан астам қазақ көшіп келді», деп жазған еді Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Ал, №711 қаулыда «Басқа республикалардан және шет елдерден республиканың селолық жерлерінде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын қоныстандыру, оның ішінде оларды тасымалдауды, келген жерлерінде қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру халық депутаттары жергілікті кеңестерінің атқару комитеттеріне, агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары мен ұйымдарына жүктелсін. Бұл мәселе жөніндегі үйлестіру жұмыстары Қазақ КСР Еңбек министрлігіне тапсырылсын» делінген.

Азаттық алғалы бері миллион қазақ елге оралды
Бір қуанарлығы, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты сырттағы қандастардың елге келуі қайта жандана бастады. Ресми дерек, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 76,1 мың этникалық қазақ оралған дейді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Өткен жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (53,1%) ҚХР-дан, 31,3% – Өзбекстаннан, 8,7% – Түркіменстаннан, 3,7% – Моңғолиядан және 3,3% – басқа елдерден оралған.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (51,3%), Маңғыстау (13,3%) және Түркістан (5,6%) облыстарында, сондай-ақ Нұр-Cұлтан (4,1%) және Шымкент (3,9%) қалаларына қоныстанды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 57,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,9%-ды және зейнеткерлер 11%-ды құрайды.

2020 жылы қандастарды қабылдаудың бекітілген өңірлік квотасына сәйкес 1,4 мыңнан астам этникалық қазақ пен олардың отбасы мүшелері ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарына тұрақты тұру үшін келді.
Ал, 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 5 685 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Қазақстанға келген қандастардың 76,9%-ы Өзбекстаннан, 10,7%-ы Қытай Халық Республикасынан, 5,4%-ы Түрікменстаннан, 2,9%-ы Моңғолиядан, 4%-ы басқа елдерден келген. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31%), Түркістан (15,8%), Маңғыстау (15,9%) және Жамбыл (7,8%) облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында (11,4%) қоныстанды.
Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 57,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 24,6%-ды және зейнеткерлер 18,2%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 11,1%-ның жоғары, 39,8%-ның арнайы орта, 45%-ның жалпы орта білімі бар және 4,1%-ның білімі жоқ.

Әлем елдерінде қазақ тілін оқытатын 31 онлайн сынып бар
Қазақстан шетелдегі диаспорасын Отанына шақырған әлемдегі санаулы мемлекеттер қатарында. Тәуелсіздік алған жылдан бері елімізде этни¬калық қазақтардың ерікті түрде елге оралуын ынталандыру саясаты жүргізіліп ке¬леді. Нақтырақ айтқанда, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанынан «Отандастар» қоры құрылып, нақты жобалар жүйелі қолға алынуда. Бүгінде әлемнің 12 еліндегі қазақ қауымдастығының сұрауымен қазақ тілін оқытатын 31 онлайн сынып жұмыс жасайды. Мәдени-гуманитарлық байланысты күшейту мақсатында 5 мемлекетте «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік орталықтары ашылды.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бірер күн бұрын жылдық есеп беру брифингінде елге оралған қандастарды жаңа ортаға бейімдеу жұмысы да бір жүйеге келтірілгенін жеткізді.
«Қандас мәртебесі мен азаматтық алу рәсімін жеңілдететін «бір терезе» принципі жобасы бүгінде толық пысықталды. Аталған процедура Халыққа қызмет көрсету Орталықтары арқылы жақын арада қол жетімді болады. Еліміздің 10 өңірінде «Отандастар» қорының фронт-офистері жұмыс істеуде. Тағы 6 өңірде фронт-офистер ашылады. Орталықта жаңадан елге келген қандастарға дұрыс құжат рәсімдеуден бастап оларды мемлекеттік қолдаудың барлық сұрақтары бойынша құқықтық, ақпараттық көмек беріледі. Былтыр 5 мыңнан астам өтінішке нақты көмек көрсетілді, - деді ол.

Министр дүние жүзіне тарыдай шашылған қандастарды елге көшіру жайын ғана емес, олардың әлемнің қай түкпірінде жүрсе де, ұлттық мүддесін қорғау, қарабасына қамқор болу екенін баса айтты.
Жалпы, мамандардың пікірінше, Түркіменстан, Өзбекстан және Иран Ислам Республикасында елге келуге ниетті қазақтар әлі де көп. Ендігі міндет – атажұртқа оралуға ниет білдіргендерге жағдай жасап, қонысын құтты қылу.

28 мамыр 2021 ж. 557 0

Бүгінгі валюта бағамы қандай

05 желтоқсан 2024 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031