Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан полицейлерінің 90%-ы вакцина алды – ІІМ

Қазақстан полицейлерінің 90%-ы вакцина алды – ІІМ

ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз министрліктің Youtube арнасында тікелей эфирде өткен брифингте полицейлердің 90%-ы вакцина алғанын жеткізді.

Полицейлер мен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің 90%-дан астамы COVID-19-ға қарсы вакцина алды. Министр Ерлан Тұрғымбаев бастаған ІІМ басшылығы да вакцина алды, - деді ол.
Жеке құрамды вакцинациялау ішкі істер органдарының барлық бөлімшелерін, соның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарын, Ішкі әскерлер мен ІІМ оқу орындарын қамтиды.
Полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқара отырып, қылмыстарды ашқанда және тергегенде, оқиға орындарын тексергенде, шақыруларға қызмет көрсеткенде, жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз еткенде, сондай-ақ санитарлық бекеттерде қызмет атқарғанда халықпен үнемі байланыста болады, - деп түсіндірді Нұрділда Ораз.
Бұдан басқа, медицина қызметкерлерімен бірге карантиндік шараларды қамтамасыз етуге қатысады.
Еске сала кетейік, елімізде Sputnik V екпесімен жаппай вакцинациялау 1 ақпанда басталды. Вакцинаны ең алдымен КВИ-мен алдыңғы қатарда күресіп жүрген дәрігерлер, полицейлер, мұғалімдер, әскерилер алды. Ал 26 сәуірден бастап халықты отандық QazVac-пен вакцинациялау жүргізіліп жатыр.
24 мамыр 2021 ж. 541 0

Бір күн – мың кеңес

17 тамыз 2026 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31