Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада полицейлер коронавирусқа қарсы вакцина салдыра бастады

Қызылордада полицейлер коронавирусқа қарсы вакцина салдыра бастады

10 наурыздан бастап құқық қорғау органдарының  қызметкерлері коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салдыра бастады. Вакцинация бойынша ұйымдастыру шаралары облыстық денсаулық сақтау басқармасымен және облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен келісілген, деп хабарлайды egemen.kz

 Вакцинация №1,3 және 6 қалалық емханалар базасында жүргізілуде.
Бүгін №6 қалалық емханада Қызылорда қалалық полиция басқармасының басшылары бастаған  жеке құрамы «Спутник V» вакцинасын салдыра бастады.
Бірінші кезекте екпені учаскелік полиция инспекторлары салдырды, себебі олардың  басты қызметі халықпен тығыз қарым-қатынаста, тікелей байланыста болу.
Учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Бекжан Ахметов және  полиция капитаны Болат Еркебұлан алғашқылардың бірі болып вакцина салдыруға ниет білдірген. Әңгіме барысында олар екпенің қажеттілігін түсінетіндіктерін атап өтті. Өйткені, айналасындағылардың денсаулығы маңызды. Вакцинациядан кейін полиция қызметкерлерінің жағдайы дәрігерлердің бақылауында болады. Барлық қызметкерлердің жағдайы тұрақты.
«Коронавирусқа қарсы вакцинация басталғанын хабарлаған кезде мен оны бірден алғым келетінін айттым. Біз, полицейлер, сондай-ақ медицина қызметкерлері азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Біз күн сайын халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, күні-түні алдыңғы шептеміз. Вакцина алу менің денсаулығыма ғана емес, айналамдағылардың саулығы үшін де қажет», деп өз пікірін білдірді Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бастығының  орынбасары,  полиция полковнигі Сәкен Бөрібаев.


11 наурыз 2021 ж. 2 416 0

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 45

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 57

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031