Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БҰҰ-ның офицерлер даярлау бойынша халықаралық курсы басталды

БҰҰ-ның офицерлер даярлау бойынша халықаралық курсы басталды

Алматыдағы Қазақстан Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік даярлық орталығында «БҰҰ-ның штабтық офицерлері» (United Nations Staff Officer Course) атты екі апталық халықаралық курс басталды.

Аталған курстың мақсаты — БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына қатысатын штабтық офицерлерді даярлау.

Ресми ашылу салтанатындағы сөйлеген сөзінде Бітімгершілік даярлық орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин Қазақстанның бейбітшілікті қолдау жөніндегі халықаралық күш-жігер мен болашақ бітімгерлерді даярлау процесіне қаншалықты мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ, ол коронавирус пандемиясымен жаһандық күреске байланысты барлық шектеулерге қарамастан, қазақстандық тарап барлық талаптарды ескере отырып, өз аумағында осы курсты халықаралық деңгейде өткізуді ұйымдастыра алғанын атап өтті.

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінен басқа мұнда Ұлттық ұланның, Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері, сонымен бірге Ұлыбританияның, Испанияның, Қырғызстан мен Мозамбиктің тыңдаушылары оқиды. Оқу барысында олар БҰҰ-ның құрылымын, қағидалары мен процедураларын, бітімгерлік қызметті қадағалайтын құқықтық аясы, шешімдерді жоспарлау мен қабылдау үдерістерін, бөлімдер мен бітімгерлерде халықаралық штаб қызметтерінің міндеттерін үйренеді. Бағдарламада сондай-ақ, үлгілік жағдайлар сценарийі бойынша кіші топтарда тәжірибе жұмысы қарастырылған - дейді ұйымдастырушылар. Курсты бітірген қатысушылар штабтық офицер ретінде білім алғанын растайтын халықаралық сертификат алады.

19 мамыр 2021 ж. 309 0

Балгер бағыңды аша ма?

23 тамыз 2025 ж. 153

Балалықтың тәтті бояуы

23 тамыз 2025 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031