Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 25 адам «Болашақ» стипендиясынан айырылды

25 адам «Болашақ» стипендиясынан айырылды

25 адам «Болашақ» стипендиясынан айырылды. Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрбозова айтты.

«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссияның күн тәртібінде екі мәселе болды. Бірінші - конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы, екінші - «Болашақ« халықаралық стипендиясының жекелеген иелерін келісімшарт міндеттемесін орындамауына байланысты одан айыру туралы. Конкурстық іріктеудің екі кезеңінен сәтте өткен 57 үміткерге стипендия тағайындалды», - деді Айнұр Кәрбозава отырыстан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол екінші мәселе бойынша келісімшарт міндеттемесін орындамаған 25 стипендиятқа қатысты жан-жақты қаралып, оларды стипендиядан айыру туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

«Екінші мәселеге қатысты айтар болсам, ол академиялық бағдарлама аяқталғаннан кейін магистр дәрежесін алмаған, сонымен қатар оқуын аяқтамаған стипендияттарға қатысты болды. Бүгінгі комиссия мұндай 25 шешім шығарды. Олар келісімшарт міндеттемелерін орындамағандары үшін стипендиядан айырылды. Енді олармен мемлекет алдындағы берешектерін өтету бойынша жұмыс жүргізіледі. Аталған азаматтар оқуларына жұмсалған барлық шығындарды өтеуі тиіс», - деді ол.
30 қазан 2020 ж. 844 0

Қазақстанда күн жылынады

18 наурыз 2026 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031