Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалімдер мен оқушыларға террорлық жағдайда әрекет ету бойынша сабақтар өткізілді

Мұғалімдер мен оқушыларға террорлық жағдайда әрекет ету бойынша сабақтар өткізілді

Бұл туралы білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі туралы өткен брифингте ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты.
Білім беру мекемелері мен мектептер адам көп жиналатын қоғамдық орын болып есептеледі. Сондықтан терроризм тұрғысынан алғанда тәуекелі жоғары. Ішкі істер министрлігі жыл сайын мектептердің қорғаныс деңгейін тексереді, - деді Баймұқашев.
Оның айтуынша, бейнебақылау, сигнализация және ұжымның террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге қарсы тұру білімі тексеріледі.
Сондай-ақ білім беру мекемелерінің мұғалімдері және оқушыларымен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Оларға террорлық шабуылдар мен өзге төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау тәртіптері түсіндіріледі. Күдікті зат табылған кезде, жарылыс пен эвакуация кезінде не істеу керегі толық жазылған жаднама таратылады, - деді ол.
Мұрат Баймұқашев қажет құжаттар электронды түрде жолданады.
Биыл да ондай жұмыстар тоқтатылмады. Онлайн оқу кезінде де мұғалімдер мен оқушыларға террорлық жағдайда қандай әрекет ету керегі туралы сабақтар өткізілді, - деді ол.

17 мамыр 2021 ж. 663 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930