Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық санаққа қатысудың бірнеше жолы ұсынылды

Ұлттық санаққа қатысудың бірнеше жолы ұсынылды

Қазақстандықтар ұлттық санаққа бірнеше жолмен қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім еткендей, санаққа онлайн режимде қатысуға болады. Ол 1 қыркүйек – 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайтында жүргізіледі.

Жүйе тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді. Респондент санаққа қатысу үшін өзіне ыңғайлы кез келген уақытты таңдай алады. Сондай-ақ сайтта бланкты толтыруды тоқтату және оны толтыруды кейін қайта жалғастыру мүмкіндігі жасалады. Оффлайн қатысу 1-30 қазан аралығында өткізіледі.

Санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттердің үйлеріне интервьюерлер барады. Олар сұрақтардың жауабын планшеттерге енгізеді.

Сонымен қатар egov.kz электронды үкімет платформасында sanaq.gov.kz сайтының қосымша парағы орналастырылады. Онда электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы санаққа қатысуға болады.
Бұдан бөлек, Ұлттық санақ сұрақтарына «Aitu» мобильдік қосымшасын жүктеу арқылы жауап беру мүмкіндігі жасалады.
Айта кетейік, елімізде ұлттық санақ биыл 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді. Қазақстандықтар барлығы 87 сұраққа жауап береді.




17 мамыр 2021 ж. 367 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930