Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкент трансплантация орталығына айналуда

Шымкент трансплантация орталығына айналуда

Германия, Австрия, Румыния, Канада, Израиль. Біз дамыған елдердің атауын тізбектеп тұрған жоқпыз. Шымкент қаласында ағза ауыстыру отасын жасатқан азаматтардың елін атап тұрмыз. Небәрі 5 жылда шымкенттік дәрігерлер медициналық туризмнің негізін қалыптастырды. Үшінші мегаполистің №1 қалалық клиникалық ауруханасында 2016 жылдан бері ағза алмастыру отасы жасалуда. Бүгінге дейін қалада 166 бүйрек және 24 бауыр алмастыру отасы жасалған.

Трансплантациянының пайдасы неде? Біріншіден, біз осы арқылы есепте тұрған науқастарға заманауи көмек көрсете аламыз. Екіншіден, медициналық туризмді дамытуға тигізер септігі мол. Үшіншіден, шетелдік науқастарға ақылы операция жасап, мемлекеттік қазынаны толтыруға мүмкіндік береді. Төртіншіден, медицинамызды бәсекеге қабілетті әлемдік деңгейге көтеруге ықпал етеді. Үшінші мегаполисте соңғы бір айдың ішінде алты трансплантация отасы жасалған. Пандемия жағдайына қарамастан ағза алмастыру отасы қарқынды дамуда. Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша, Шымкент іргелі трансплантация орталығына айналмақ. «Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасында өткізілген трансплантация хирургиялық тәжірибеде үнемі қолданылып келеді. Сондай-ақ, осы жылы шетелдік әріптестерімізбен бірге туыстық бауыр трансплантациясы бойынша 2 мастер-класс өткіздік. Соңғы жылдары елімізде трансплантология дами бастады. Өздерінің жақындарына донор болған сәтті оталар осыны дәлелдейді. Болашақта Шымкент трансплантация орталығына айналады», – деді Б.Позилов. Қымбат оталар тегін жасалады Шетелдерде бүйрек, бауыр ауыстыру оталары 65 мың доллардан басталып, 135 мың долларға дейін тұрады. Мұны әрбір қазақстандықтың қалтасы көтере бермейді. Сол себепті донор жайын шешуге мемлекет және қоғам тарапынан оң қолдау болса, дәрігерлер трансплантация арқылы көмек көрсетуге дайын. Қазіргі кезде елімізде трансплантацияға ерекше көңіл бөлінеді. Шымкент қаласында 2010-2011 жылдары гемодиализ бөлімшелері жекеменшік клиникаларға берілді. Ол – өте сәтті қадам болды. Мемлекеттік тапсырыс арқылы бүйрек қызметі бұзылып, кезекте тұрған науқастарға гемодиализ амбулаторлық көмегі тегін көрсетіледі. Жуырда шымкенттік №1 қалалық клиникалық ауруханасында екі бауыр трансплантациялау отасы жүзеге асырылды. Екеуінің де нәтижесі жақсы. Ота жасалғандардың бірі – Гүлмира Көшкінбаева 7 жылдан бері бауыр циррозынан зардап шегеді. Ауру өте тез өршім, науқастың хәлі нашарлауына байланысты ота жасалды. Пациенттің 30 жасар ұлы Бауыржан өз еркімен донор болуға келіскен. Ота сәтті өтті. Араға бір күн салып В, D гипатитінен 2007 жылдан бері зардап шегіп, 5 жылдан бері бауыр циррозы диагнозы анықталған Нұрғазы Бұйрабаевқа ота жасалған. Оған әпкесі Толқын толық тексерістен өтіп, донор болады. Екі науқастың жағдайы да қанағаттандырарлық, амбулаториялық бақылауда. Айта кету керек, елімізге енгізілген МӘМС жүйесінің аясында екі ота да тегін жасалған. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қаладағы трансплантология туралы былай дейді: «Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің ұсынысымен, осы бағытта халықаралық конференция өткіздік. Оған Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстаннан мамандар қатысты. Мықты мамандармен меморандум жасадық. Атақты Склифосовский атындағы жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институты меңгерген ота түрлерін біздің мамандарымызға үйрететін болды. Біздің №1 қалалық клиникалық аурухана ендігі жерде Қазақстанда жасалатын трансплантацияның басым бөлігін жасап жатса таңғалмаңыз. Адам өз мүшелерін көліктің бөлшектері сияқты ауыстырып жүре беретін ғылыми- фантастикалық болашақ алыс емес. Егер сол рас болса, Шымкент көш бастайды. Органдарын ауыстырғысы келетіндер бүкіл Қазақстаннан Шымкентке ағылатын болады. Шымкент республикалық қалаға осылай айналмақ». Шетелдік БАҚ жарыса жазған Рақымжан Беларусь елінде 5 айлық сәбидің бауырын ауыстырып берген қазақ дәрігері, трансплантолог Рахымжан Үмбетжанов Қазақстанға ғана емес, көрші елдерге де танылып үлгерген. Рахымжан Үмбетжанов Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық емхананың гипатобилярлы хирургия және трансплантология бөлімінде бірінші санатты хирург-дәрігер, трансплантолог болып жұмыс істейді. Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы медицина университетінде білім алған азамат кейіннен Беларусьтің Минск қаласында трансплантант бойынша клиникалық ординатура мамандығы бойынша оқуын жалғастырып, білімін шыңдай түседі. Әйгілі дәрігерлермен бірге ота жасап тәжірибе жинақтаған дәрігер науқастың денсаулығының жақсарғаны қуат беретінін айтады. – Пандемияға байланысты трансплантация жоспарлы оталары азайды. Бұл фактор науқастарға кедергісін тигізді. Бауыр, бүйрек донорлық кезегін күтушілердің қарасы қалың. Қолданыстағы заң шеңберінде тек туыстық доноры барларға ота жасалуда. Донор кездеспеген науқастар да үмітін үзбеуі тиіс. Болашақта мәйіттік трансплантация дамыса, жағдай өзгереді. Бауыры мен бүйрегінің саулығында проблемасы бар науқастардың жан қиналысын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Студент кезімнен бүйрек, бауыры қалыпты істемейтін адамдардың қан құсқанын көретінмін. Сол кезде менде арман пайда болды. Аты аңызға айналған дәрігер Олег Руммо елімізде бауыр трансплантациясын жасаған кезде процессті жіті бақылап, соңына дейін қасында жүрдім. Болып жатқан жағдаятты тұтас бір адамға екінші өмір сыйлау ретінде қабылдадым. Операция уақыты 13-20 сағат аралығында жасалады. Біз 2018 жылы Абылай Донбай басқарған командамен 5 сағат 48 минутта ота жасадық. Наурыздың 4-і, 5-і күндері жасалған соңғы екі операция уақыты 9 сағатты құрады. Мен өз жұмысымнан шабыттанамын. Операция сәтті өтсе, науқастың денсаулығының жақсарғаны – жанға қуат береді. Ота қанша қысқа уақытқа созылса, соншалықты нәтижелігі арта түседі,– дейді трансплантолог Рахымжан Үмбетжанов. Мәйіттік донорлық дамыса... Өлім – тірі ағзаға тән белгілердің тәннен байқалмауы. Діни ұстанымға байланысты кей адамдар мәйіттік донарлықтан бас тартады. Алайда, ислам дінінің орталығы болып саналатын Сауд Арабия елінің өзінде жыл сайын 300-ге жуық науқасқа трансплантация жасалады. Егер мәйіттік трансплантацияны дамыса, өмірден өткен 1 адамның ішкі органдары арқылы 7 науқасқа көмек беруге болады. Осы бағыттың тиімділігін түсіндіру үшін дәрігерлер барлық мүмкіндіктерді пайдалануда, яғни конференция сынды шаралар өткізілуде. Дегенмен менталитет, көзқарасты өзгерту әлі де қиын. Осы орайда білікті хирург Рақымжан Үмбетжанов Белорусь мемлекеті – 98% мәйіттік донорлықтың көмегіне жүгінетінін айтады. «Біз туыстық донарлыққа иек артамыз. Ал Белоруссияда туыстық трансплантация тек нәрестелерге, балаларға жасалады. Осы ерекшелігімен олар науқастарын уақытында құтқарады. Статистикалық дерекке сүйенсек, елемізде бауыр трансплантациясына – 127, бүйрек трансплантациясына 3017 адам мұқтаж. Соның ішінде Түркістан облысы және Шымкент қаласының 50 тұрғыны бауыр трансплантациясына, 1076 адам бүйрек трансплантациясына кезекте тұр. Мәйіттік трансплантация дамыса, мұндай жоғары сандар көрмес едік. Бізде көптеген пациенттер донорға мұқтаж,– дейді Р.Үмбетжанов. Еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда жылына 50-ге жуық мәйіттік трансплантация жасалады. Дәл осы көрсеткіш Шымкентте де болса, жоғары нәтижелер көрінер еді.



13 мамыр 2021 ж. 506 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031