Сыртқы істер министрлігі ел тұрғындарына ескерту жасады

Құрметті азаматтар, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Беларусь арқылы Ресейге осы елдің ықтияр хаты немесе РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен бекітілген тиісті негіздер болған кезде ғана ұшып келе алатынына Сіздердің назарларыңызды қайта аударамыз (сілтемені қараңыз) - делінген министрліктің телеграм парақшасында.
Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Ресейге келесі елдер арқылы ұшып келе алады:
Түркия, Швейцария, Египет, Мальдив, БАӘ, Қырғызстан, Корей Республикасы, Куба, Сербия, Жапония, Сейшель аралдары, Эфиопия, Вьетнам, Үндістан, Катар, Финляндия, Әзірбайжан, Армения, Греция, Сингапур, Венесуэла, Германия, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Шри-Ланка.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының азаматтары Ресей Федерациясына келесі жолдармен:
1) тікелей әуе рейстерімен;
2) тізбесі РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-ө өкімімен бекітілген елдер арқылы транзитті әуе рейстерімен (сілтемені қараңыз);
3) РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен көзделген негіздер болған жағдайда құрлықтық өткізу пункттері арқылы не басқа елдерден (сілтемені қараңыз) келе алады.