Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » QazVac вакцинасының құрамы белгілі болды

QazVac вакцинасының құрамы белгілі болды

Оның барлық компоненті сенімді, өйткені олар басқа вакциналарды әзірлеу кезінде апробациядан (сынақтан) өткен, деп хабарлайды sn.kz.

QazVac (QazCovid-in) – бұл инактивтендірілген, тазартылған және концентрацияланған вакцина. Оның құрамына алюминий гидрототығы – адъювант қосылған.
 Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, отандық вакцинаны әзірлеу барысында жылдар бойы қолданылған технология пайдаланылды. Оның барлық компоненті сенімді, өйткені олар басқа вакциналарды әзірлеу кезінде апробациядан (сынақтан) өткен. Инактивтендірілген вакцинаны әзірлеу платформасы белгілі және қауіпсіз болып табылады. Оның құрамындағы компоненттер азаматтар бұрын алған вакциналардың құрамында болған.
Вакцинаға қосылған бір ғана жаңа компонент – инактивтендірілген вирус. Инактивтендірілген вакцина дәстүрлі және тиімді болып саналады, оны дайындау технологиясы күрделі емес және вакциналардың басқа түрлеріне қарағанда қауіпсіз. Сондықтан қазақстандық ғалымдар инактивтендірілген вакцина жасау туралы шешім қабылдады.
29 сәуір 2021 ж. 1 094 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031