Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Диін” бағы – ағалар аманаты

“Диін” бағы – ағалар аманаты

Бекарыстан би ауылындағы “Диін” бағының негізін 1989 жылы ауыл ақсақалы Қ.Мәкенов пен совхоз директоры Н.Айтжановтың бастамасымен агроном Е.Шәметов қалаған екен. Ерғали әкеміз ауылға соғатын желдің бағытын ескеріп, қысты күні арқадан соғатын желге тосқауыл болсын деп бақты артқы бетке орналастырған-ау деп ойлаймын.
Тұжырымы дәл келген. Әйтпесе ауылға кіреберіске жарқыратып жасар еді ғой. Баққа Д.Бөлекбаев бағбандық етті. Маңдай терін төкті. Ауылда барлық дүние талан-таражға түсіп жатқанда баққа ие болды. Диін ақсақал ғұмырының соңына дейін қолынан кетпені мен шалғысын тастаған жоқ. Таза “бағбан” деген атқа лайық еді. Осындай еңбегінің арқасында халық алма бағын “Диін” бағы атымен атады.
Осы аптада “Диін” бағына 150 түп алма, 50 алмұрт, 30 өрік көшеттерін отырғыздық. Және қураған теректердің орнына қара тал ектік. Алдымызда ағалардың егіп, ұрпаққа табыстаған бағын жандандыру міндеті тұр.

Қонысбек ҚҰРМАНБАЕВ,
Майдакөл ауылдық округі
14 сәуір 2021 ж. 2 082 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031