Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі өсті

Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі өсті

ҚР Ұлттық банк қаржы-несие жүйесі департаментінің директоры Жандос Шаймарданов наурызда іскерлік белсенділік индексі өскенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бағалау нәтижелері бойынша іскерлік белсенділік индексі наурызда оң аймаққа өтіп, 50,6 болды (биылғы ақпанда – 49,0). Көрсеткіш 2020 жылдың басынан бері алғаш рет шекті мәннен асып түсті. Қызмет көрсету саласында ақпанда іскерлік белсенділік индексі 49,2 болса, наурызда 51,2 көтерілген. Құрылыс саласында ақпанда 47,4 -тен 46,5-ке дейін азайған. «Аймақтар тұрғысынан алып қарағанда, наурыз айында іскерлік белсенділік 10 өңірде жақсарғанын байқауға болады, 7 облыста нашарлады. Іскерлік белсенділіктің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (60,9) мен Қостанай (56,9) облыстарында, ең төменгісі – Түркістан облысында (42,3) «,- дейді Жандос Шаймарданов. Алдағы 6 айда көрсетілетін қызмет индексі 18,6 болуы ықтимал. Бизнес климат индексі ақпанда -11,9 болса, наурызда төмендеген - 9,9 құраған. Сауалнамаға барлығы 459 кәсіпорын: құрылыс саласынан - 67, өнеркәсіп саласынан - 176, қызмет саласынан - 216 кәсіпорын қатысқан.


06 сәуір 2021 ж. 2 521 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 120

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031