Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлыққа қарсы тұру үшін билік пен қоғам тығыз жұмыс істеуі керек - Бердібек Сапарбаев

Жемқорлыққа қарсы тұру үшін билік пен қоғам тығыз жұмыс істеуі керек - Бердібек Сапарбаев

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиевамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Парасат жолы» жобасы - адалдық, әділдік, парасат, сондай-ақ қоғамда ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды ілгерілетуді көздейтін бастаманың бірі. Бүгінде жобаның өкілдері республиканың барлық өңірлерін аралап жүр. Жазира Жылқышиеваның айтуынша, бұған дейін олар батыстағы өңірлерге табан тіреген, Жамбыл облысынан кейін Түркістанға бару көзделіп отыр. Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев Антикордың бастамасымен қолға алынған «Парасат жолы» жобасының маңызына тоқталып, парасат, адалдық қағидаттарын қоғамда қалыптастыру қажеттігін, бастамаға кітапханалар да үлес қосуы қажеттігін атап өтті. Жоба шығармашылық жандарды бір арнаға тоғыстырды. Бұл қатарда еліміздің түкпір-түкпіріндегі жазушылар, ақындар, білім және ғылым қайраткерлері бар. «Билік пен қоғам тығыз жұмыс істеуі керек. Пандемияға қарамастан, өмір жалғасып жатыр. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмысы мен шаралар жүргізілуі тиіс. Бірақ, әрине, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып қана. Біздің күшіміз – мәдениетіміз бен руханиятымызда, салт-дәстүрімізде», - деп атап өтті облыс әкімі. Өткен жылдың тамыз айында Антикор Ұлттық академиялық кітапхана базасында шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен тікелей эфир өткізді, онда адалдық, әділдік және парасат қағидаттарының маңызы талқыланды. Парасат идеологиясын насихаттау мен ілгерілетудің маңыздылығын ескере отырып, кітапханалар базасында «Парасат жолы» филиалдарын жаппай ашып, елордалық тәжірибені еліміздің барлық өңірлеріне тарату туралы шешім қабылданды. Кездесу соңында Жазира Жылқышиева облыс әкіміне «Парасат жолы» жобасының альбомын сыйға тартты. Сәдібек Түгел жобаны жүзеге асыруға тек кітапхана қызметкерлері ғана емес, ғалымдар, жазушылар, ақындар, теологтар, дін өкілдері де тартылатынын атап өтті.


02 сәуір 2021 ж. 2 125 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031