Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлігі бүтін елдің берекесі бар

Бірлігі бүтін елдің берекесі бар

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қоғамдық жанжалды жағдайды төмендету, дауларды азайту, бітімгершілік және дауларды шешудің басқа да баламалы тәсілдерін енгізу жөнінде нақты тапсырмалар берілген болатын. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Сотсыз татуласу орталығын» құру жобасы ұсынылып отыр.
Жуырда Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Асановтың маңызды ұсынысын түсіндіру мақсатында төраға кеңесшісі Сүлеймен Сағатбек және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілестің қатысуымен жиын өтті.
Онда төраға кеңесшісі Сүлеймен Сағатбек Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановтың тапсырмасымен маңызды бастаманы ұсына отырып, бұл пилоттық жобаны сынақтан өткізу үшін Қызылорда облысы таңдалып алынғандығын жеткізді. Егер іс нәтиже беріп, бір ізге түсетін болса басқа да өңірлерге тарату жұмыстары қолға алынбақшы.
Жобаның ең негізгі мақсаты – халықтың санасын өзгертіп, қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендету және дауларды келісім арқылы тиімді шешу.
– Қызылорда облысында шамамен алғанда әрбір бесінші азамат соттасып, дауласатын көрінеді. Ал, Қазалы ауданы бойынша азаматтық қылмыс – 1878, қылмыстық – 281, әкімшілік жауапқа тартылғандар саны – 1478-ге жеткен. Орта есеппен алғанда дауласушы тараптың саны 7 мыңға жетеді.
Жалпы Қазақ – ежелден сөзге тоқтап, сөз қадірін білген халық. Осындай сақталған дағдылы қасиеттеріміз бола тұра, ұлттық сананың улауы ма, әлде жаһандану толқынының әсері ме, әйтеуір, дау-жанжалға үйірсек болып барамыз. Қазіргі таңда «Сотқа барамын», соттан келемін» деген сөздерді қиналмай-ақ айта салатын болдық. Сондай-ақ, жастардың арасында неке бұзу, алимент өндіру, жер, мүлік даулары белең алып тұр. Ащы да болса шындық, ажыраса салу бүгінгі таңда оп-оңай мәселеге айналды. Бұл біздің ұлттық болмысымызға, бірегейлігімізге үлкен сын болып отыр, – деді Жоғары Сот төрағасының кеңесшісі.
Келесі кезекте сөз алған «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес болса:
– Екі көршінің бір-бірімен талас-тартысқа түсуі, ұлтарақтай жер үшін соттың алдына баруы біздің бүгінгі пиғыл-ниетіміздің тарылуы деп ойлаймын. Себебі, ағайын арасындағы ұсақ-түйек мәселелерді сотқа жеткізбей шешуге болады. Осы дүниелерді дау-дамайға айналдырмай, бір-бірін масқараламай, «бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса шең ішінде» деп келісімге келуге тиіспіз. Жерлесіміз, Жоғары Сот төрағасы Жақып Асановтың көтеріп отырған мәселесі барлығымыздың өмірімізге, салт-дәстүрімізге оң ықпалын тигізеді деп ойлаймыз. Ел арасындағы ұсақ-түйек мәселелерді ақсақалдардың пәтуасымен, ағайын арасында шешіп отырсақ, соттардың да жұмысын жеңілдетіп, олардың сапалық деңгейін көретін боламыз, – деп сөзін түйіндеді.
Есет ТАБЫНБАЕВ
03 наурыз 2018 ж. 1 401 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930