Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Парламент бағалы металдар және асыл тастар нарығына қатысты заңды қабылдады

Парламент бағалы металдар және асыл тастар нарығына қатысты заңды қабылдады

Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Келісімге Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер арасында 2019 жылғы 22 қарашада Мәскеу қаласында қол қойылды. Келісімнің мақсаты – аталған салада мүше мемлекеттердің бәсекелестік артықшылығын жасау және тиімді шаралар әзірлеуге бағытталған сауда-экономикалық тетіктер қалыптастыру. Сондай-ақ, ЕАЭО кедендік аумағында бағалы металдар мен асыл тастардың еркін айналымын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау. «Келісім бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдардың ішкі нарығына қатысты құқықтық негіздер мен талаптарды айқындайтын 18 баптан тұрады. Құжат ЕАЭО-ның зергерлік бұйымдарының ішкі нарығындағы саудада мүше мемлекеттердің сынамалық таңбаларын өзара танудың болмауына байланысты туындайтын шектеулерді жояды. Яғни, егер зергерлік бұйым Қазақстанда жасалса және сыналса, ол бұйымды ЕАЭО-ға қатысушы елдерде өткізу барысында қайта сынамалау қажеті болмайды», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов. Оның айтуынша, сынамалық таңбаларды өзара тану бастапқы шолу сапарларынан кейін (құрамына ЕАЭО-ның барлық елдерінің өкілдері кіреді) қамтамасыз етіледі. Мүше мемлекеттердің Келісім ережелерін қаншалықты орындап жатқанын анықтау үшін ондай сапарлар бес жылда бір рет өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, келісім өңделмеген табиғи алмастарды ЕАЭО-ға мүше бір мемлекет аумағынан екіншісіне тасымалдауды қарастырады. Ол өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттаудың халықаралық кестесі – Кимберлий процесі талаптарына сәйкес іске асырылады. Кимберли процесіне қатысушы әрбір ел алмастың бірде-бір партиясы оған қатыспайтын тарапқа импортталмайтынына немесе экспортталмайтынына кепілдік береді. Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы барлық ел - Кимберлий процесінің мүшесі. «Тиісті нормалар толық есеп жүргізуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ келісім елде өндірілетін алтынды сатып алуда қатысушы мемлекеттердің басым құқығын мойындайды. Жалпы алғанда, келісімге қол қою және оны қолдану Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен бірлесіп, бағалы металдар және асыл тастар нарығында өзара сенім қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді А. Ержанов.



01 сәуір 2021 ж. 2 671 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930