Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздегі энергетиктер ТМД бойынша ең төменгі жалақы алады

Еліміздегі энергетиктер ТМД бойынша ең төменгі жалақы алады

Еліміздегі энергетиктер ТМД аумағындағы ең төменгі жалақыны алады, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Салалық кәсіподақ төрағасы Оразбек Бекбастың айтуынша, еңбекақы мәселесі 20 жылдан бері шешілмей келеді. Оның кесірі қандай?
Жалақының аздығы мамандардың басқа салаға кетуіне алып келген. Енді энергетикалық станциялар жабылып қалуы бек мүмкін.
Еліміздегі энергетиктер жиырма жыл бойы бір жалақыны алып келген. Салалық кәсіподақ төрағасы Оразбек Бекбастың айтуынша, білікті мамандарды ұстап қалуға қауқар жоқ. Өйткені көбі жалақысы жоғарырақ салаға, тіпті басқа мемлекеттерге кетіп жатыр. Бүгінде Беларусьтегі энергетиктер бізден 21%-ке, Қырғызстанда 44%-ке көбірек еңбекақы алады екен. Оның үстіне негізгі қорлар 60%-ке ескірген. «Мамандар тұрақтамайтын болса, станциялар тоқтап қалуы әбден мүмкін», дейді. Кәсіподақ төрағасының айтуынша, жылу энергетикасы мамандықтарына түсетін талапкерлер саны жыл сайын азайып келеді. Кәсіпорындар зейнеткерлік жасқа жеткен мамандарды ұстауға мәжбүр.



31 наурыз 2021 ж. 2 127 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031