Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде ең көп жалақыны кімдер алады?

Елімізде ең көп жалақыны кімдер алады?

2020 жылтың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандықтардың орташа жалақысы  14,3%-ға жоғарылап, 233,1 мың теңгеге жетті. Инфляцияны ескергенде шынайы өсім 6,5%-ды құрады. Салыстырмалы түрде алсақ, 2019 жылдың осы кезеңінде отандастарымыздың орташа айлығы 203,9 мың теңге болатын, деп хабарлады Egemen.kz

Өңірлер бойынша ең жоғары жалақы Атырау облысында тіркелген. Облыс тұрғындары орта есеппен айына 377,4 мың теңге алады. Бұл еліміздегі орташа айлықтан 61,9% жоғары. Одан кейінгі орында елорда (349,6 мың теңге) мен Маңғыстау облысы (337,7 мың теңге). Ең төменгі орташа айлық Түркістан облысында (166,7 мың теңге) тіркелген. Одан кейінгі орында Жамбыл (168,8 мың теңге) және Солтүстік Қазақстан (168,9 мың теңге) облыстары.
Сонымен қатар еңбек ақы бойынша мамандықтар арасында үлкен айырмашылық бар. Мәселен, тау-кен саласында жұмыс істейтіндерде ең жоғары (472,3 мың теңге) айлық тіркелген. Одан кейінгі орында қаржы және сақтандыру (422,6 мың теңге) саласы.
Ал сумен қамту (145,7 мың теңге) және ауыл шаруашылығы (147,7 мың теңге) мамандары орта есеппен ең төменгі жалақы алады.  Сондай-ақ білім беру саласында еңбек ететіндердің айлығы орта есеппен 176,5 мың теңге. Бұл еліміздегі орташа көрсеткіштен 24,3% төмен. Денсаулық сақтау саласы мамандарына ай сайын  197,4 мың теңге төленеді.    
Осылайша елімізде ұстаздар мен дәрігерлердің жалақысы мұнайшылар мен қаржыгерлердігінен 2 есе төмен. 
08 ақпан 2021 ж. 2 471 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930