Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қудалауға қарсы жүйе

Қудалауға қарсы жүйе

Аудан әкімдігінде мәжіліс залында аудан прокуроры Бақытжан Мырзабаевтың төрағалығымен отырыс өтті. Жиын барысында аудан көлемінде қылмыстық процестің үш буынды моделі аясында атқарылған жұмыстар баяндалды.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д. Тілеумбетов, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Аңсатов, АПБ-і бастығының орынбасары м.а. А.Құдайбергенов және БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел отырысын ашқан аудан прокуроры қылмыстық процесті жүргізуге байланысты заңнамаларға енгізілген жаңа новеллалар туралы айтып өтті.
– Қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшуінің негізгі мақсаты – азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, қылмыстық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары аясындағы қатынастарды жетілдіру.
Мысалы, бұған дейін қылмыстық теріс қылық туралы хаттама және бұйрықтық іс жүргізу туралы қаулы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген тұлғамен тікелей сотқа жолданып келсе, енді аталған құжаттар прокурормен бекітіліп жолданады, – дейді Б. Мырзабаев.
Жалпы қылмыстық процестің үш буынды моделі аясында Қазалы аудандық прокуратурасына барлығы 67 процестік шешім келісу және бекіту үшін келіп түскен. Оның ішінде 44 келісу және 23 бекіту үшін орын алған.
Аталмыш жаңа жүйе азаматтардың заңсыз қылмыстық іске тартылмауына және жөн-жосықсыз қудалауға ұшырамауына ықпалын тигізбек.
Мұнымен қоса дөңгелек үстел барысында аудан прокурорының орынбасары Д.Упабеков пен АПб-і бастығының орынбасары міндетін атқарушы А.Құдайбергенов баяндама жасады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
30 наурыз 2021 ж. 2 286 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930