Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңақорғанда жаңа жобалар жүзеге асады

Жаңақорғанда жаңа жобалар жүзеге асады

Биыл Жаңақорғанда бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асады.
 Мәселен мамыр айында кен байыту фабрикасының құрылыс жұмыстары басталады. Кеніштің жылдық қуаты 4,0 млн. тоннаны құрайды. Ал сәуір айында күн электр станциясы пайдалануға беріледі.
 «Жасыратыны жоқ, өндірісі дамыған деген біздің ауданда кейінгі жылдары «КазАтомнеркәсіп» мекемелерінің өнім өндіру көлемі айтарлықтай төмендеді. Себебі, әлемдік деңгейдегі баға саясаты күрт құлдырады. Бірақ біз оларға қарамастан басқа күнделікті тұрмысқа қажетті өндіріс түрлерін жетілдіруді қолға алудамыз. Мәселен, тас, әк өндіру көлемін ұлғайтудың нәтижесінде біршама өсу факторы байқалды. Аудан экономикасында оң нәтиже қалыптасты. Көршілес Түркістан облысындағы қарқынды құрылыс жұмыстарына қажетті инертті құрылыс материалдарымен қоса, басқа да зәру заттардың артуынан өткен жылы әктас өндіру 10 есеге дейін артты», – деді Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов.
Биыл ауданға 61 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылатын болады. Бүгінде керамзиттен кірпіш жасау және блок шығару жобасының құрылыс жұмыстары аяқталды. Өндіріс орны ашылғанда 20 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Мұнан өзге, биыл құс фабрикасын іске қосу жоспарлануда. Зауыт жылына 3,5 мың тонна құс етін өндіретін болады.
30 наурыз 2021 ж. 2 071 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 128

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031