Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда 2,9 млрд. теңгені құрайтын испан цехі іске қосылады

Аралда 2,9 млрд. теңгені құрайтын испан цехі іске қосылады

Аралда индустрияландыру бағдарламасы аясында бірқатар жобалар жүзеге асуда. Мәселен биыл жүн және теріні алғашқы өңдеу цехы және жылдық қуаттылығы 130 мың тонна дайын өнімді өндіретін түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау зауыты ашылады. Бұдан бөлек, құны 2,9 млрд. теңгені құрайтын үшінші испан цехі пайдалануға беріледі.
 «Өткен жылы ауданға 15,2 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды. Өнеркәсіп орындары 15,7 млрд. теңгеден артық өнім өндіріп, салыстырмалы көлем индексі 109,8 пайызды көрсетуде. Аудан бойынша 2020 жылы 837,9 мың тонна тұз қазылып, 236,3 мың тонна йодталған тұз, 5,5 мың тонна балық, 278 тонна ет, 874 тонна нан және нан өнімдері, 103,1 мың текше метр кварц топырағы өндірілді», – деді Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев.
Аудан орталығында өткен жылы тауарлы балықты өсіру және өңдеу цехы, Бөген ауылдық округіндегі мұздату цехы және жатақхана, балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехі іске қосылды.
10 наурыз 2021 ж. 3 284 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 216

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930