Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бишілер жүлделі болды

Бишілер жүлделі болды

Би – қозғалыс арқылы сыры мен сәні үйлескен қимылдың әсемдігі. Оның шыңына жету үшін еңбекқорлық пен үлкен ізденіс, талғампаз шығармашыл көзқарас қажет.
Би халықтық өнердiң бөлiнбес бiр бөлшегi. Өмiрде болып жатқан қозғалыстардан өрiлген көркем өрнек − қазақ биінің маңызы мен мазмұнында анық байқалады. Әрине Шара Жиенқұлова, Дәурен Әбiров, Зауыр Райбаев, Болат Аюханов, Гүлжан Талпақова сынды бишiлер қалыптастырған салт-дәстүрде ұлт биiнiң өзiне тән ерекшелiктерi сақтала отырып, оның бүгінгі ұрпаққа бұзылмай жетуіне көп көмегін тигізді.
Шара Жиенқұлова сынды дара тұлға еңбегінің нәтижесінде қазақ әлемдік сахнада танылып, әр өрнегі бүгінгі ұрпаққа жетті. Осындай аманатты арқалап, ұлттық би қазынасының ортаймауын ойлайтын ансамбль, би топтарын құрып, жастарды ұлттық өнерді дәріптеуге тәрбиелеу өте маңызды.
Жақында Қызылорда облысы білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы ұйымдастыруымен «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі қашықтан өткізілді.
Фестиваль-байқаудың мақсаты – білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамытып, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу әрі қарай дамыту бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жүргізуге жағдай жасау.
Облыстық фестивальға қатысқан Гүлмариям Өтегенова жетекшілік ететін аудандық Оқушылар үйінің «Қыз Жібек» би тобы ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

13 наурыз 2021 ж. 3 817 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 110

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 125

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930