Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2021 жылы қазақстандықтар аты-жөнін латын әрпімен жазу ережесі әзірленеді

2021 жылы қазақстандықтар аты-жөнін латын әрпімен жазу ережесі әзірленеді

 Қазақстанда 2021 жылы азаматтардың аты-жөнін латын графикасына негізделген әліпбиге сай жазу ережелері әзірленеді.

 Бұл туралы мәденииет және спорт министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында айтылды.
 Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов министрліктің 2021 жылы атқаратын жұмысына тоқталды.
 «Абай институты» атты Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету және ілгерілету бағдарламасын жетілдіріп, қолданыс аясын кеңейту жоспарланған. Сондай-ақ, азаматтардың аты-жөнін латын негізді әліпбимен жазу ережелері әзірленеді», – Дәуешов.
Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы географиялық нысандардың және олардың құрамдас бөліктерінің атауы латын графикасы негізінде стандартталады. Вице-министрдің айтуынша, 2021 жылы президенттің «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы» жарлығына да өзгерістер енгізіледі.
 Айта кетейік, қаңтардың аяғында премьер-министр Асқар Мамин қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. Жиында латын графикасына негізделген әліпбидің жетілдірілген нұсқасы көрсетілді.
Жетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған.  Бұл әліпбиде қазақ тілінің  28 дыбысы толық қамтылған.

 
18 ақпан 2021 ж. 2 494 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30