Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қай жылдан бастап төлқұжат латын қарпімен берілмек

Қай жылдан бастап төлқұжат латын қарпімен берілмек

2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарын латын қарпі негізінде мемлекеттік тілде беру көзделген. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожапағанов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 
«Латын әліпбиіне кезеңдеп көшудің жоспары әзірленді. Бірінші кезең - 2018-2020 жылдары нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша дайындық жұмыстары мен іс-шаралар жүргізілетін болады. Латын графикасы негізінде жаңа қазақ әліпбиінде дұрыс жазу қағидалары, мәтінді латын әліпбиіне аударудың ІТ қосымшалары әзірленеді», - деді ол.Ол екінші кезеңде ҚР азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәлігін латын графикасы негізінде мелмекеттік тілде беру көзделгенін атап өтті.
«2021-2023 жылдары латын графикасы негізінде мемлекеттік тілде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарын беруді қамтамасыз ету көзделген. Филологтар мен ғалым-лингвистерді тарта отырып, орталықтардың оқытушылары мен ересек халықты үйрету үшін семинарлар мен лекциялар, курстар ұйымдастырылатын болады. Үшінші кезең - 2024-2025 жылдары мемлекеттік органдарының, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік БАҚ және баспалардың құжат айналымдарын латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жоспарланған. Министрлік жанында жұмысты үйлестіру мақсатында «Тіл - қазына» орталығы құрылып жатыр», - деді Ерлан Қожағапанов.
19 ақпан 2018 ж. 2 143 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031