Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңіс жолындағы жыл

Жеңіс жолындағы жыл

2021 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін алғанына 30 жыл толады. Жас мемлекеттің алғашқы кезеңде қандай қиындықтарға кезігіп, сонымен қатар қордаланған мәселелерді жеңу жолында нендей қадамдарға барғанын оқырман қауым жақсы біледі. Отыз жылдың қай-қайсысын алып қарасақ та қазақ халқының болашағын бағамдап берген маңызды тарихи күндерге толы. Бүгін егемен елдің жеңісті жолы жалғасқан 1994 жылдың жылнамасын ұсынамыз.

Астананы көшіру туралы шешім
1994 жылы 6 шілде күні Жоғарғы Кеңестің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынған болатын. Депутаттар тарапынан қолдау тауып, елорданы ресми ауыстыру төрт жылдан кейін жүзеге асты.
Жаңа астананы таңдау алдында мұқият талдау болды. Мемлекет басшысының естеліктеріне қарасақ елдің басқа қаласы ретінде бірнеше өңір қаралған. Алғашқы нұсқаның бірі ретінде Жезақазған және оған жақын орналасқан Ұлытау болды. Бұл жер тектен-текке таңдалмағаны анық. Қазақ халқы үшін киелі саналатын тарихи орын ұлттық рухтың түлеуіне серпін болар еді. Бірақ сол уақытта осы жерге инфрақұрылымның тартылмауы таңдауды басқа жақтан іздеуге ықпал етті. Шахталар мен экологиялық проблемалары болмаса Қарағанды қаласының да мүмкіндігі болды. Үшінші нұсқа ретінде солтүстік-батыстағы Ақтөбе қаласыда назарға ілікті. Дархан даланың бір шетінен екінші шетіне астананы ауыстыру республиканың басқа аймақтарымен байланыс жасауға қолайсыздық тудырып, бір орталықтан басқаруға мүмкіндік болмайтын.
Осы кезде қалада шамамен 200 000 адам өмір сүретін Ақмола тиімдірек болды. Елдің орталығы, автомобиль жолдарының қиылысында және кеңейтуге жеткілікті орын бар қаланың бағы жанды.

Ғарышты бағындырған Талғат
1994 жылдың 1 шілдесі қазақ елі үшін елеулі күн болды. «Байқоңыр» айлағынан «Союз ТМ-19» ғарыш кемесімен «Мир» орбиталық кешенінде Талғат Мұсабаев экипаждың бортинженері ретінде алғашқы сапарына аттанады. Ол ашық кеңістікке екі рет шығып, жалпы алғанда 11 сағат 7 минут өткізеді. Аспан әлемінде 126 тәулік болады.
Әр адам үшін ғарышқа ұшқан және жерге қайтып оралған күн – ерекше күндер. Осы аралықты жеке ғарыштық өмір деп атауға да болады. Талғат Мұсабаев бір жылды құрайтын үш ғарыштық өмір сүрген адам.
Жас талапкердің зор үмітіне қанат бітіріп, ғарышкерлердің Кеңестік отрядына қосу туралы өтінішін ықыласпен алғаш Дінмұхаммед Қонаев мақұлдайды. Бірақ оның жұмысқа кірісу уақыты сұрапыл 1986 жылға түскендіктен, желтоқсан оқиғасы жас ұшқыштың басына да қара бұлт болып үйріледі. Жас ғарышкер тіпті шенінен төмендетіліп, Ту-134 әуе лайнерінің штурвалын АН-2 «кукурузнигіне» ауыстыруға мәжбүр болады.
Талғат Мұсабаевтың ғарышқа ұшу арманы Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан кейін жүзеге асады. Бұл тұрғыда Елбасының қосқан үлесі зор.
1994 жылы қазақ баласы Қазақстанның атынан ашық ғарышқа шығу мәртебесіне ие болады. Сол жылдағы жас мемлекеттің жетістіктерінің бірі еді.
«Ғарышта ажалдың аузынан қалған жағдайларым болды. Біреуін ғана айтайын. Ашық ғарышқа шыққан кезімде, мені кемеге бекітіп, ұстап тұратын тетік ажырап кетті. Біртіндеп тұңғиыққа батып бара жаттым. Айтары жоқ, сұмдық еді. Көз алдым жалт-жұлт етіп, әп-сәтте бүкіл ғұмырым өте шықты. Тірі қалуым мүмкін емес-тін. Бұрын-соңды ескерілмеген, ескерілмек түгіл ойға келмеген хал. Ауа қоры 8 сағатқа жетеді. Одан әрі қапысыз, бұлтартпайтын әрі жалтартпайтын ажал. Міне, осы сәтте адам айтса нанғысыз таңғажайып оқиға болды. Қайтадан зулап бара жатқан ғарыш кемесінің үстінен бір-ақ шықтым. Денеме ештеңе тимей-ақ, жұғысып, итермей-ақ әлдебір құдірет құрдымнан суырып алды. Ешқандай қисынға келмейді, түсінікке сыймайды», – деп еске алады ғарыштағы қатерлі сәттердің бірін Мұсабаев.
Ұшқышпен бірге ғарышта болған әріптесі Юрий Маленченко Талғат Мұсабаевпен ашық ғарышқа шыққанда тура Қазақстанның үстінен өтіп бара жатқандарын байқапты. Сонда Мұсабаев: «Қазақстанның үстінен өтіп бара жатырмыз. Менің Қазақстаным!», – деп айқай салыпты. Олар қатпар-қатпар Алатау сілемдері мен Балқаш көлінің көрінісін ғарыштан көріп тәнті болыпты.
Талғат Мұсабаев ғарышқа Қазақстанның Туымен топырағын, Құран кітапты өзімен ала барып, елге деген, жерге деген құрметін бірнеше мәрте көрсеткен.

Атомға айырбас
КСРО ыдыраған кезде Қазақстан әлемдегі ядролық арсенал бойынша төртінші орынға ие әскери қуатты ел еді. Тәуелсіздік алғаннан кейін республика Ресей, Беларуссия, Украина және АҚШ-пен бірге стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту және шектеу туралы Лиссабон хаттамасына қол қойды.
1993 жылы Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы халықаралық шартқа қол қойып, 1994 жылдың ақпанында ел Халықаралық Атом Қуаты Агенттігіне қосылды. Осы сәттен бастап бүгінге дейін қазақстандық атом өнеркәсібінің қызметі МАГАТЭ кепілдемелерімен қамтамасыз етілетін болды.
Ядролық қаруды қолданудан бас тарту және атом энергетикасын бейбіт жолмен дамытудың орнына Қазақстан қауіпсіздік кепілдіктерін алды.
1994 жылдың желтоқсанында АҚШ, Ұлыбритания және Ресей Қазақстанға Ядролық қарусыздану бағдарламасына қосылуына байланысты қауіпсіздік кепілдіктерін беру туралы меморандумға қол қойды.
Тәуелсіздік монументі
Ескерткішті салу идеясы 1993 жылы пайда болған. Мысырға сапары кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Египеттің тәуелсіздік құрметіне арналған ескерткішіне назар аударады. «Шота Ыдырысұлы! Неге біз Қазақстанның тәуелсіздігінің құрметіне өз елімізде осындай нәрсе жасамасқа. Ойланыңыз!» – деп кейінірек Алматыдағы ескерткіш авторларының біріне айналған Шота Уәлихановқа жүгінеді.

Дайындаған Жасын СҮГІРӘЛІ


13 ақпан 2021 ж. 2 599 0

Жұмылған жұмыс жемісін береді

28 желтоқсан 2024 ж. 106

Форум: Прогресс һәм жастар

28 желтоқсан 2024 ж. 108

Байқаңыздар, балақай!

28 желтоқсан 2024 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031