Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бизнесті несиелендіру кезінде банктер неге мән береді?

Бизнесті несиелендіру кезінде банктер неге мән береді?

Несиенің мұндай түріне жүгіну жолдары бұрыннан белгілі. Алайда, әр банк өзінің техникалық қағидаларына сүйенеді. Негізінде бизнесті несиелендіруге қажетті құжаттар пакеті, оларды ұсыну тәртібі ұқсас. Банкке бизнесті несиелендіруге ұсыныс тастаған кезде, банк бірқатар сұрақтар қойып, сізді несиелендіру мәселесін қарастырады.
Бизнес-жоспар туралы
Кез келген несие беруші сізден бизнес жоспарыңызды сұрайды. Бұл ақша сізге не үшін қажет? Ол сіздің бизнесіңізге қандай пайда әкеледі? Сіздің компанияңыздың жоспары бойынша несие алу қаншалықты тиімді? Қаражатты дұрыс пайдалана аласыз ба? Яғни, банк берген қарызды кері қайтарып ала алатынына көз жеткізуі керек. 
Қандай мөлшерде несие алғыңыз келеді және оны алудағы мақсатыңыз қандай
Бизнесті ұйымдастыруыңызға байланысты ақшаға деген қажеттілік туындайды. Стартап жобаларда көп кәсіпкер идеядан бұрын қаражатқа жүгіреді. Ал жұмыс істеп тұрған бизнестің несиелендіруді қажет етуінің бірнеше себептері болады. Банк қаражат мөлшері мен несие алу мақсатына қызығушылық танытады. Сіз бұл қаражаттың не үшін қажет екенін егжей-тегжейлі түсіндіре алуыңыз керек. Өз сұранысыңызға қаншалықты баға бере алсаңыз, соншалықты сұраныс жақсы қабылданады.
Қарызды қалай төлейсіз
Несие тарихы - бұл сіздің қарыз міндеттемелеріңізге деген көзқарасыңыздың көрсеткіші. Ең дұрысы, сіздің компанияңыздың қаржылық негізі болуы керек. Алайда, заңды тұлға ретінде бірінші рет несие алуға өтініш білдірсеңіз, онда банк кәсіп иесінің, яғни сіздің несиелік тарихыңызды ескереді. Сіздің несие тарихыңыз жақсы болса, бизнесіңізді қаржыландыру әлдеқайда жеңіл болмақ. 
Кепілдік беру
Банктер көбінесе шағын кәсіпкерлікке кепілсіз несие береді. Сізге қаншалықты көп ақша қажет болса, қауіпсіздікті қажет ету ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
Бұл шарт франчайзинг арқылы өз бизнесін ашатындар үшін өте қолайлы. Өйткені сізге бас компания кепілгер бола алады. Әйтпесе, сіз банкті кепілмен қамтамасыз ету мүмкіндігін іздеуіңіз керек. Кепілдікке шикізат, машиналар, жабдықтар, өнімдер және тағы басқаралырын қоюға болады. Бірақ кепілдік несиенің кепіл құнының 70-80% -ы мөлшерінде берілетінін ұмытпаңыз.
Қарызды қайтару уақыты
Банк үшін несиені қанша уақыт аралығында қайтаратыныңды білу маңызды. Сіздің бюджетіңізге сәйкес келетін төлемді мұқият есептей отырып, несиені қайтару мерзімін алдын-ала анықтауға тырысыңыз. Мұнда барлығы тұтынушылық несиелендірумен бірдей. Егер банк сіз төлем жасай алмайды деп ойласа, несие алу туралы өтінішіңізді кері қайтаруы мүмкін. 

17 желтоқсан 2020 ж. 1 853 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 89

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930