Қос қария

Осылайша күндер өте береді. Күндердің бірінде әлгі терезе жанындағы ақсақалдың жүрегі ұстап, нашарлап қалады. Әдетте, бөлмедегі қоңырау түймесін баса қалса дәрігер жетіп келетін. Ал бүгін жанындағы қарт дәрігерді шақыратын түймені баспады. Өйткені терезеден дүниені өзі көре алмай, тек көршісін тыңдаумен ғана шектеліп жататын. Сол есіне түсті ме, шайтанның сөзіне еріп, қоңыраудың түймесін басуға талпынбады. Осылайша, ол досын жазықсыздан-жазықсыз өлімге қиды да жіберді.
Келесі күні дәрігерлер есіктегі кісіні терезе жанындағы босаған орынға ауыстыратын болды. Осы күнге дейін тыңдауды ғана місе тұтқан адамның қуанышы қойнына сыймады. Енді табиғаттың сан қырлы нақыштарын өз көзімен көріп жататын болды. Орнына жайғаса салып, басын көтеріп терезеге асыға мойнын созып еді. Арғы жақтан қара қабырғадан басқа еш нәрсе көрінбеді.
Дайындаған Сартай БАЙЖАН