Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Белсенді азаматтық қоғам – мықты Қазақстан

Белсенді азаматтық қоғам – мықты Қазақстан

Өткен айдың 14-27 қарашасы аралығында Қызылордада “Қоғам және мемлекет: Серіктестігі мен дамуының 30 жылы “Birgemiz” атты IX облыстық азаматтық форумының апталығы өтті. Оның ашылуы мен 3 пленарлық сессиялары 14 қарашада “Прима-парк” бизнес-орталығында ұйымдастырылды. Облыстық форум жұмысына 500-ден астам үкіметтік емес ұйым, мемлекеттік орган, сарапшы қауымдастығының өкілдері қатысты.
Айта кеткен жөн, азаматтық форумдар 2003 жылдан бастап екі жылда 1 рет Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық альянстың ұйымдастыруымен өткізіліп келеді.
Іс-шараны облыс әкімінің орынбасары С.Ахмет ашып, сәттілік тіледі. Форум барысында қатысушылар 3 секция бойынша ҮЕҰ саласының дамуы мен туындаған қиындықтарды жою бағытында ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Онда бұған дейінгі ұсынымдардың орындалуы талқыланып, салалық үкіметтік емес ұйымдардың жергілікті атқарушы органдармен кездесуі өтті.
18 қараша күні IX облыстық азаматтық форум аясында “Қызылорда облысы үкіметтік емес ұйымдар альянсы” қауымдастығының ұйымдастыруымен жергілікті мемлекеттік органдар басшыларымен салалық принцип негізінде үкіметтік емес ұйымдар басшыларының салааралық байланысты қалыптастырып, бірлесіп жұмыс жасау тетіктерін қарастыру мақсатында басқосты.
Кездесуде әрбір үкіметтік емес ұйымның мақсатты топтарына қана қажетті мәселе көтеріліп қана қоймай, тұрғындардың көкейінде жүрген кәсіпкерлік саласындағы түйткілді кедергілер төңірегінде ашық пікір жүргізілді. Тараптар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Бірлесіп жұмыс жасауға ниеттерін білдірді.
19 қараша күні “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының Қызылорда облыстық филиалы үйлестіруші кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев және Азаматтық альянс басшысы Анар Ізден өзара серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Мақсаты – облыс көлеміндегі ҮЕҰ саласын әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуға, соның арқасында өзін-өзі қаржыландыруға бағыттау ­болып табылады.
27 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында «Қоғам және мемлекет: Серіктестік пен дамудың 30 жылы #Birgemiz» атты IX республикалық Азаматтық форумының пленарлық отырысы және «Үкіметтік емес ұйым үшін сыйлық» номинациясын тапсыру рәсімі өтті. Шараға өңірлер санитарлық талаптарды сақтап, онлайн режимде қатысты.
Форум жұмысында «Қоғам және мемлекет:Серіктестігі мен дамуының 30 жылы #Birgemiz» пленарлық сессиясымен ашылып, үздік ҮЕҰ-ға арнайы номинациялар табысталды. Сонымен қатар облыстық альянс ассоциациясының ұсынысы негізінде облыс әкімінің орынбасары С.Ахмет азаматтық белсенділік танытқан өңірлік бірқатар үкіметтік емес ұйым мүшелерін арнайы номинация және сыйақымен марапаттады. Қазалы ауданынан «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығына «Ауылдық азаматтық бастама» бағамы берілді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
05 желтоқсан 2020 ж. 1 404 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031