Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрлыбек Нәлібаев: Ашықтық пен жариялылық жұмыс тиімділігін арттырады

Нұрлыбек Нәлібаев: Ашықтық пен жариялылық жұмыс тиімділігін арттырады

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ардақ Ерсейітов қалаға қарасты кент және ауылдық округтердегі «Сервистік әкімдіктің» жұмыс барысымен танысты.
Халық пен билік арасындағы ашықтықты, жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында Тасбөгет кенті әкімінің аппараты 2 жыл көлемінде «OPEN SPACE» форматында жұмыс істеп келеді. Ал биылғы жылдан бастап қызмет алушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті жағдайлардың барлығы қарастырылған «Сервистік әкімдік» қағидаты бойынша халыққа қолжетімді қызмет көрсетуді бастады. Жыл басынан бері оңтайландырылған сервис арқылы 2 мыңнан аса кент тұрғыны мемлекеттік қызмет түрін алған.
Тұрғындар сервистік әкімдік арқылы жер мәселесіне қатысты кез-келген мәселесін шешіп, әлеуметтік сала бойынша сауалдарының жауабын ала алады. Сонымен қатар сервистік қызметке «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» бойынша бағыт-бағдар беру жұмыстары да кіреді. Сервистік әкімдік аясында ауыл шаруашылығы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне сәйкес тиісті жұмыстар да атқарылады.
Ақсуат ауылының тұрғыны Сейітқасым Тәуірбаев «Сервистік әкімдік» қызметінің енгізілгенінен хабардар. Зейнеткер жеке куәлігін ауыстыру үшін сервистік әкімдіктің қызметіне жүгініп, жұмысының қалаға бармай-ақ ауылдан шешілгеніне дән риза.
Қызылорда қаласы республикада бірінші болып, қалаға қарасты 2 кент және 7 ауылдық округте «Сервистік әкімдік» қызметін жүзеге асырғанын айтқан қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аталмыш форматқа көшу мамандар мен тұрғындар арасындағы байланысты барынша ашық, қолайлы етіп, жұмыс тиімділігін арттырумен қатар тұрғындарға әр есікті жағаламай бір орыннан қызмет алуына мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
29 қараша 2020 ж. 776 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031