Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар талқыланды

2020 жылғы 27 қазан күні «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында ағымдағы жылы Қызылорда қалалық жер қатынастар және Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдеріне жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстарының қорытындысы бойынша берілген ұсыныстар талқыланды.
Кездесу «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрағасы Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлы,  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы, Мемлекеттік сатып алу басқармасы, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Қызылорда қалалық жер қатынастар және Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшылығының қатысуымен өткізілді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы бойынша берілген ұсыныстарға сәйкес қабылданған шешімдер жайлы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан шаралар туралы тиісті сала басшылығымен хабарламалар жасалды.
Өз кезегінде департамент басшысының бірінші орынбасары Б. М. Ниязов атқарылған жұмыстарды БАҚ кеңінен жариялай отырып, жұмыс барысында ашықтық пен жариялықты қамтамасыз ету қажеттігін хабарлады.
Сөз соңында «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрағасы М. Ы. Нәлібаев алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықты тудыратын себеп салдарды азайту үшін, талдау жұмысына тиянақты қарау қажеттігін атап өтті.
28 қазан 2020 ж. 608 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 87

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930