Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенатор әр балаға 18 жасқа дейін қаржы бөлуді ұсынды

Сенатор әр балаға 18 жасқа дейін қаржы бөлуді ұсынды

Сенатор Әли Бектаев мемлекет балаларға арналған барлық жәрдемақыны жинақтап, балалардың әрқайсын, тұрмыстық жағдайына қарамай, туғаннан 18 жасқа толғанға дейін кепілді және міндетті түрде әлеуметтік қолдаудың жаңа стандарттарын енгізуді ұсынды. Депутаттың айтуынша, ол қаражат «бала капиталы» деген атаумен арнайы карточкалар арқылы әр баланың қажетіне ғана жұмсалуы тиіс, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Балалардың үйдегі жағдайын қалыптастыру мақсатында өмірге отбасыларды сүйемелдеу институтын, отбасының саулық индексін, отбасылардың әлеуметтік карталарын енгізу сияқты шаралар қабылдануы керек деп ойлаймыз. Әсіресе, қазақстандықтарды қалалық, ауылдық деп бөлмей, оларға әлеуметтік кепілдіктерге бірдей жағдай туғызу мақсатында барлық әлеуметтік бюджетті біріктіретін бірегей әлеуметтік қор құру қажет», – деді Әли Бектаев. Сенатор оған барлық мемлекеттік, атқарушы органдар мен квазимемлекеттік корпорациялар және холдингтердің, демеушілік танытатын кәсіпкерлердің мүмкіндігін жұмылдырудың маңызы зор екенін айтты.

13 қараша 2020 ж. 550 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30